"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Менің қайырымды істерім" науқаны

11.11.2020

Тақырыбы: «Менің қайырымды істерім»

Сынып: 5  «А»

Өткізген күні: 11.11.2020 ж

Cынып жетекшісі: Тойлыбай Ағлан

Мақсаты. Қайырымдылық жасасаң,

                   Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.

Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.

Дамытушылық мақсаты: шығармашылық қиялын,ой-өрісін, есте сақтау, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Ұйымдастырылуы: Онлайн

Сабақтың көрнекілігі: Бейне материалдар, мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

1. Оқушыларға қайырымдылық туралы жалпы мәліметер беріледі.

2. Бейне материалдар көрсетіледі.

3. Қайырмыдылық туралы мақал-мәтелдер жинағы бейне материалда көрсетіледі. Көріп мағынасын түсінеді.

4. Сұхбат ұйымдастырылады.

5. Оқушылардың назарын қайырымдылық туралы әңгімені оқуға ұсынамын.

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?-деп сұрапты». «Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен кейін түсінесің», деді анасы. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»,-деді балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білуім керек»,-деді де, әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан балапанды кездестіреді,ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан,балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші»,-деп сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ, дейді балапан,

-Мен қайырымдылықтың не екенін білгім келеді». «Маған айтшы»,-деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер дейді. Балапан шарды алып береді. «Мінеки, сен қайырымды іс істедің.Мейірім деген осы». «Қандай оңай?»-деп таң қалды балапан.

Мәтін бойынша оқушылардың өзіндік пікірлерін білу мақсатында сыныпқа төмендегідей сұрақтар қоямын.

а)Мейірімділік деген не?

 

ә)Неге мейірімді болу керек?

 

б)Қалай мейірімді болуға болады?

 

Мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу.Қайырымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді.Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым-қатынаста байқалады,айқындалады.Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға,өзіңе қамқорлық жасау.

Оқушылар берілген тапсырманы орындап болған соң мұғалімге жібереді.

6. Оқушылар екі топқа бөлінеді.

7. Бірінші топ оқушылары тақырып бойынша сурет салады.

8. Екінші топ «Менің қайырымды істерім» тақырыбында эссе жазады.

Қорытынды: Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.ф

Просмотров: 360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст