08.09.2026
/public/files/2026/9/8/080926_145524_post-v-socseti-07092026.docx

Оқу мәдениетін дамыту, сауатты әрі зияткерлік тұрғыдан дамыған ұлт қалыптастыру, сондай-ақ шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғаның дамуына жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылы еліміздің барлық өңірлерінде «Кітап оқитын ұлт — Читающая нация» жобасын кең ауқымда жүзеге асыруды бастады.
«Кітап оқитын ұлт — Читающая нация» жобасы — Қазақстан Республикасы халқы арасында тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және аналитикалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар арасында білім көзі ретінде насихаттауға бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама.
Аталған жобаның жүзеге асырылуы өңір тұрғындарының мәдени және рухани дамуына оң әсерін тигізіп, кітапханалардың, білім беру және мәдениет ұйымдарының қызметін жандандыруға, сондай-ақ қоғамда білім мен кітаптың құндылығын насихаттауға ықпал етеді.
«Кітап оқитын ұлт — Читающая нация» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2026 жылдың қыркүйек айынан бастап республикалық «Кітап оқитын ұлт» оқу марафоны басталады. Марафон 2027 жылдың наурыз айында аяқталады. Осы кезең ішінде қатысушылар өздері таңдаған бағыттардың бірін анықтап, 15 кітап оқуы тиіс.
Қазіргі уақытта «Кітап оқитын ұлт — Читающая нация» оқу марафонының https://reading-nation.kz/ сайты техникалық режимде іске қосылғанын хабарлаймыз.
Осыған байланысты жобаға қатысушыларды тіркеу басталады.
Сіздерді өздеріңіз таңдаған бағыт бойынша https://reading-nation.kz/ сайтына тіркелуге шақырамыз!