24.04.2026
Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамына қабылдау басталды!
Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады және тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган ұсыныстарды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бекітеді.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
1. Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2. жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
3. коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері(бар болса);
4. ата-аналар комитеті ұсынған әрбір паралель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5. қайырымдылық жасаушылар(бар болса);
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құралады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.