мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру
ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік
кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге қолданылады.
Әскери оқу орындарының педагогтеріне осы Заңның күші "Әскери қызмет және
әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында
көзделген ерекшеліктермен қолданылады.
4-бап. Педагог мәртебесі
1. Қазақстан Республикасында педагогтің ерекше мәртебесі танылады, бұл оның
кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді.
2. Білім беру саласында кәсіптік қызметін жүзеге асырған және Қазақстан
Республикасының белгіленген тәртіппен тиісті ұйыммен еңбек заңнамасында
қатынастарында болған кезеңде адам педагог мәртебесіне ие болады.
3. Педагог лауазымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган
.бекітеді
5-бап. Педагогтік әдеп
1. Педагогтік әдеп заңдылық, адалдық, жауапкершілік, жеке адамның ар-намысы
мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына негізделеді.
2. Педагогтік әдепті бұзу тәртіптік теріс қылық болып табылады және педагогті
Қазақстан Республикасының еңбек сәйкес тәртіптік жауаптылыққа алып заңнамасына
келеді.
3. Педагогтік әдепті білім беру саласындағы уәкілетті орган .бекітеді
6-бап. Педагогтің кәсіптік қызметін қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының еңбек сәйкес жұмыс беруші педагогке заңнамасына
ол кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз етеді.
2. Педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының көзделген жағдайларды қоспағанда, заңдарында
оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
2) одан Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында
көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізуге;
4) оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті
жүктеуге жол берілмейді.
3. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін олар кәсіптік қызметін
жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тартуға жол
берілмейді.
7-бап. Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары
1. Кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде педагогтің: