"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі 7-сынып "Менің әуес ісім – ас дайындау"

22.02.2017

Қазақ  тілі    7 сынып           

Тақырыбы:  Менің  әуес  ісім – ас   дайындау

Мақсаты:

1. Астың  маңызын,  оның  дұрыс  дайындалуының маңызын  айтып көрсету.  

2. Сөйлеу  мәнерін,  жазу  дағдыларын  дамыту.

3. Асты қадірлеуге  тәрбиелеу. 

Әдісі: жазу, оқу,  түсіндіру

Түрі:  жаңа  сабақ

Көрнекілігі: кітап, бауырсақ  ішіндегі  сұрақтар,  құрттардың  ішіндегі  сөздер,  конвертердегі

кеспелер,  бағалау  таблицасы.

Сабақ  барысы:

I.Ұйымдастыру  кезеңі Амандасу

II. Үй  тапсырмасын  тексеру

III. Сабақ  мақсатын,  барысын  айту

IV.Жаңа  сабақ

1. Кіріспе  сөз.  –Бүгін  біз сабақта  сендермен  «Менің  әуес  ісім – ас дайындау» тақырыбымен  танысамыз. Түрлі  тапсырма  орындап, қазақ  халқының  салт-дәстүрлерімен  танысасыңдар.

2.Жаңа  сөздермен  танысу.

- ыдыс  ішінде құрттарды  алып  келемін

- әр  құрттың  ішінде  бір  сөзден бар

- оқушылар бір-бірден   алады

- ашып  дауыстап  оқиды

- оқып  бірден  сөздік  дәптерлеріне жазып  алады

- ауызша  сөйлем  құрайды

3. Кітаппен,  дәптермен  жұмыс 

1-тапсырма.  Берілген  мәтінді оқып,  үш  деңгейлі  тапсырмаларды  орындаңдар.

-оқушылар  мәтінді  оқып  шығады

-дауыстап,  кезекпен  оқиды

-оқи  отыра  аударады

-мазмұнын  талқылау

-Қазақ  халқының  бас  тағамының не  екенін  білесіңдер  ме?

-Бесбармақ (оқушылар жауабы)

- Ал  солай  болса  міне сендердің  алдарыңда  осы  тағам.  Бірақ бұл тағамның  өзгешілігі,  бұл  тағам  етпен  наннан емес,  бұл  тағам  кітапбымыздағы 1-тапсырма бойынша  тапсырмалардан тұрады. Сендерге  тағы бір айтарым  бар.  Бұл  тағамды  табаққа салу

түрлері  бар.  Табаққа  еттің  салу  түрлері: бас  табақ, орта  табақ,  қыз  табақ,  күйеу табақ,

құдағи  табақ.  Сендердің  алдарыңда  бас табақ.  Бұл  табақ ең  құрметті,  сыйлы  және 

үлкен  адамдарға  қойылады.  Бұл  табаққа  кіретіндер: бас, жамбас,  жая,  омыртқа,  қазы, қарта. 

 Енді  қазақ  халқының  салты  бойынша  өз араларыңда  ең  сыйлы, құрметті,  жақсы  оқитын

 оқушыға  басты  беріңдер. 

-әр  тағамның  астында  тапсырма бар,  соны  өз  дәптерлерінде  орындайды

- әр  оқушы  тапсырмасын  алады

-дәптерлерінде  орындайды

-біреуі  тақтаға  келіп  орындайды

2-тапсырма. Мәтін бойынша  сұрақтарға жауап беріңдер.

-оқушылардың  алдына  ыдысқа  салынған бауырсақ  тосылады

-әр  бауырсақ  ішінде   мәтін бойынша  сұрақтар  бар

-бауырсақты  алып,  сұрақтарға тұрып  жауап  береді

Сұрақтар:

1. Дәмді  дайындалған  тағам  көзді қызықтырып  қоймай  тағы  нені ашады?

2.  Ас  дайындау  барысында қандай тұрмыстық  техникалар қолданылады?

3. Тұрмыстық  техникаларға  қандай заттар  жатады?

4. Ас дайындауда  қандай  талаптарды сақтау  керек?

5. Тамақ  әзірлеместен бұрын  тағамның несін  анықтап  алу  керек?

6.  Ас  әзірлеп  болған соң, құрал-саймандарды  қайда  қою  керек?

 

4. Сергіту  сәті.

 6-тапсырма. Асқа  байланысты  мына 

жаңылтпаштарды  жаттап  алыңдар.

-оқушылар  оқып  шығады

-жаттап,  айтып  береді

 

                                               V.  Үй  тапсырмасын беру

VI. Қорыту

Қоспа  жасау.

-Ал  енді  сендердің  десерттерің.

-мен  сөз тіркестерінен  сөйлем құрап  қоямын

-сөйлемдерден  кеспелер  жасаймын

-әр  оқушының  алдына  бөлек-бөлек кеспе салып  беремін

-оқушылар  дұрыс  жинап  алу  керек

 

VII. Бағалау Бағалау таблицасы  арқылы  оқушылар  бір-біріне  баға 

береді. 

Просмотров: 445


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст