"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

15.03.2017

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Мақсаттары:  Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, жас ұрпақтың ұлттық сана- сезімін, қоғамдық саяси ой- өрісін дамыту. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.

                                                

Сабақ барысы:

Мұғалім: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды бастаймыз. Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да батыл. Ойын барысына тоқталсақ, сайыс 6 кезеңнен тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін  5 ұпайдан беріледі. 3 кезеңнен кейін ұпайы төмен 3 оқушы, 4 кезеңнен кейін 3 оқушы, 5 кезеңнен кейін 1 оқушы шығып, ең соңында 1 оқушы, яғни көшбасшы қалу керек. Олай болса сайысымызды бастайық.

1 кезең. «Бәйге» Әр оқушыға логикалық есеп беріледі.

1.Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы 5. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады ? (1, өйткені қалғандары ұшып кетеді.)

 2.Сағат 22- де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап  тұруы мүмкін бе? ( Жоқ, ол кезде түн болады)

 3.Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарап отыр. Достым, мен сені көріп отырмын дейді. Олар бірін бірі қалай көреді? ( Қарама қарсы отырған).

4.Бахытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бахытжанның неше баласы бар ?  (5)

5.Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (1асық дорбаның ішінде қалды.)

6.Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан  үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені ? (Айгүл)

7.Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?  ( 4 тәулік)

8.Бір адам қалаға  бара жатыр еді, жолдан оған 3 танысы қарсы келді.Қанша  адам  қалаға барды? ( 1адам)

9.Мараттың кілең 1 теңгелік тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал жабдық сатып алған ол дүкенге 97 тг. төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп беруге болады ?  (3тг алып қалу)

 

2 кезең «Көкпар» Ауызша есеп шығару.

1.    1см неше мм бар? ( 10мм)

2.    Ұзындығы 9см, ені 7см тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең? (63с)

3.    1дм неше см бар? (10см)

4.    Шаршаның бір қабырғасының ұзындығы 8см, ауданы нешеге тең? (64см)

5.    Тік төртбұрыштың ұзындығы 11см, ені 8см.Периметірін тап. (38см)

6.    90 және 50 сандарының қосындысының 7 ге бөліндісін есептеп тап.  (20)

7.    200 бен 300 сандарының қосындысын 5 есе кеміт.  (100)

8.    2700: х= 9      х нешеге тең?  ( 300)

9.    1т неше  центнер бар?  (10ц)

3 кезең «Полиглот» Жұмбақ пен мақал айтылады. Жауабын не жасырынған сөзді 2 тілде айту керек.

Жүз мүйізі бар   

Үстінде киізі бар?  (киіз үй- юрта)

Күш- білімде,

Білім ...  (кітап – книга)

Бір санға өсірді, өзі қалып орнында  Бізді алға көшірді   (сынып- класс)

Талабы жоқ жас - қанаты жоқ...  (құс- птица)

Сақталады 6 ай жаз    

Сандығымда сары аяз. (Тоңазытқыш –холодильник)

Екі аяқпен кезек кезек тебеді,

Ол тынымсыз домалап

Зыр жүгіре береді  (доп- мяч)

Ағайынды бес туыс,

Жамылатын тоны бар

Бесеуінде бір қуыс

Сырттан кірер жолы бар  (қолғап- перчатки)

Қылқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады  (қоян- заяц)

Бір қораға қамалғандар

Жану үшін жаралғандар   (сіріңке- спички)

Болса да көкте мекені,

Кездеспейді екеуі  (ай мен күн -луна и солнце)

 

4 кезең «Тамаша төрттік»

Қазақ тілі.

Зат есім дегеніміз не? 

(Заттың атын білдіретін сөздер)

«Малшылар сөзін сөз құрамына талда.  (Мал- түбүр, шы- жұрнақ, лар- жалғау)

Етістіктің түрлерін ата.

Қандай сөз таптарын білесіңдер?

Қазақтың атақты билерін ата.  (Төле, Қазыбек, Әйтеке)

ҚР рәміздерін ата.   (Әнұран,Елтаңба,Ту)

 

5 кезең «Білімпаз»

Қағаздағы тапсырмаларды жазбаша орындайды.5мин.уақыт беріледі

1 тапсырма. Қоймаға 460 кг сиыр етін, одан 37 кг артық қой етін және қой етінен 2 есе артық жылқы етін түсірді.Қоймаға қанша кг жылқы еті түсірлді   

2 тапсырма.        221х3+279           900:3+623

6 кезең «Егер де мен...»

Егер де мен білім министрі болсам...

Егер де мен мектеп диреторы болсам...

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.

Просмотров: 472


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст