"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Достық" лагері

29.06.2021

 

Жазғы сауықтыру алаңы күн тәртібі

Лагердің Ұраны:

Достығымыз берік болсын,

Білім, өнер серік болсын

 

 

10.00-10.10-  Балаларды қарсы алу

10.10-10.15-Таңғы сап түзеу

10.15-10.25-Жаттығу

10.25-10.30-Денсаулық минуты

10.30-11.10-Танымдық ойындар

11.10-11.50-« Біл! Үйрен! Көрсет!»

11.50-12.00- Үйге қайту

 

Сілеті орта мектебінің жазғы

«Достық» сауықтыру лагері

«Қош келдің балақай!» (Танысу сурет салу сайысы)

Тақырыбы: «Қош келдің, балақай!» танысуға арналған психологиялық тренинг.

Мақсаты: оқушыларды бір-бірлерімен танысуға, достасуға, бір-бірлерімен достық қарым-қатынас орнатуға арналған.

1-ойын: «Танысу».

Барлығымыз шеңбер жасап отырайық. Қазір шеңбер бойымен кезекпен жүргізушінің оң жағында отырған қатысушыдан бастап, топқа таныстырамыз. «1-2 сөйлем арқылы сыныбының атын, өзінің мінезін айту керек. Осы сөздерден кейін психолог өзін таныстырып, әңгімелейді. Психологтан кейін әр бір адам айналым бойынша өзін өзі таныстырады. Танысу біткен соң таныстырудың қалай өткені туралы пікірталас жүргізіледі. Психолог топқа мынадай сұрақ қояды: кімнің таныстыруы сіздің есіңізде қалды және оның сізге несімен ұнады».

2-ойын: «Қарусель».

Топ мүшелері екіге бөлінеді. 1-ші топ ішкі, 2-ші топ сыртқы болып бөлініп, екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша олар тоқтайды да екеуден ішкі топпен сыртқы топ бір біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе кезек жетекші белгілі бір рөл беруі керек, олар тез арада сол рөлді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы-сатып алушы; мұғалім-оқушы, дәрігер қаралушы, полиция – жүргізуші; әкесі – баласы; анасы – қызы. Бұл ойын әрбір адамның өзінің мінезің, көңіл-күйін, қабілетін өзгерте білуіне, осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.

3-ойын: «Бүлінген телефон»

Есту қабілетін дамытуға арналған бұл ойында мұғалім бір баланың құлағына бір сөзді сыбырлайды, ол келесі балаға соны қайталайды, солай жалғаса беріп, барллық балаларға жеткізіледі. Ең соңғы оқушы пікір сөзді естіртіп, дауыстап айтады: «Мен әрқашан шындықты айтамын».

4-ойын: «Көңіл-күйімізді жаттықтыру».

Жүргізуші: Бүгін мен сендерді актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсетіндер десем, соңы бет-әлпеттерімен бейнелейсіңдер.

1. Қабағы түйілген, ашулы адамның кейпі.

2. Қасқырдан қорыққан қоянның, ұядан түсіп қалған балапанның, мысықтан қорыққан тышқанның, иттен қорыққан баланың бет-әлпеті.

3. Жылап тұрған адамды көрсету.

4. Жай күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету.

5. Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу.

5-ойын: «Ауызша волейбол».

Допты бір-біріне берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек. Мысалы: шыншылдық, мейірімділік, адамгершілік, әділдік, кішіпейілдік, батылдық, ұстамдылық, жанашырлық.

6-ойын: Сурет салу

 Әр балаға борлар беріледі әр бала өзінің арманын қалаған суреттер сызады

Қорытынды: оқушылар бүгінгі өткізілген тренингтен алған әсерлерін айтып, бір-бірлеріне келесі күнге тілектерін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілеті орта мектебінің жазғы

«Достық» сауықтыру лагері

«Достыма хат» ( Сурет салу )

 

«Досыма хат» тренинг-сабағы

 

Мақсаты: Оқушылардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету. Қатысып отырған оқушылардың өз ойларын ашу. Қарым-қатынас жасауға көмектесу. Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Құрметті оқушылар бүгінгі тренингіміздің тақырыбы «Дос болайық бәріміз» Тренингімізді бастамас бұрын танысып алайық. Ең бірінші есіміміздің бірінші әрпінен басталатын сөз айтып, мысалы Мейірімді Майра т.б. Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырамын. Оқушыларды 3 топқа бөліну үшін партада 3 сурет бар. Гүл күн кітап 3 топқа оқушыларды бөлемін. «Өз есіміңді ерекше ата» (өз есімдеріне сын есім жалғап айту)

1. Әңгімелесу

1. Гүл тобына: Достық дегенді қалай түсінесіңдер? Достық – ізгі ниетті адамдардың бір-біріне тек жақсылық жасауға серттесіп, ниет қосып іс-әрекетке ортақтасуы. Достық ізгі қасиет.

2. Күн тобына: Нағыз дос – Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық дейді. Адал дос дегеніміз – адамға шабыт беріп отырады. Олар бір-бірінің қуанышында да сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.

3. Кітап тобына: Жалған достық – ғұмыры қысқа болады. Олар бір-біріне шынайы болмайды. Бір-бірінің кемшіліктерін түзеп отырады.

Оқушылар өз ойларын түсіндіреді.

2. «Достыққа қалай жетуге болады?» ойыны

Мақсаты: Балаларды бір-бірін сыйлауға, тыңдауға үйрету.

1 жағдай. Екі ойыншы бір-біріне арқасын беріп отырып, бір мезгілде сөйлейді.

2 жағдай. Екі ойыншы бір-біріне арқасын беріп отырады. 1-еуі сөйлеп отырады, ал 2-шісі селқос тыңдайды.

3 жағдай. Екі ойыншы бір-біріне арқасын беріп отырады. 1-еуі сөйлеп отырады, ал 2-шісі мұқият тыңдайды.

3 тапсырма. Жағдаяттарды талқылау:

Күн тобына: Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды. Қандай шешім қабылдар едің?

Гүл тобына: Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?

Кітап тобына: Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?

Жағдаяттарды талқылау:

 

 

Балалармен пікірлесу:

Дос болу үшін адам өзін қалай ұстау керек екен?

Ойындағы қай жағдайда қолайлы жағдайды сезіндің ?

3. «Сенім» жаттығуы ойыны

Мақсаты: Балаларды бір-біріне жаны ашып көмектесуге, бір-бірін сыйлауға, тыңдауға үйрету.

1 жағдай: 1-ші ойыншы көзін байлап, кедергілерден өтеді.

2 жағдай: 1-ші ойыншының көзін байланып, 2-ші ойыншы оған көмектесіп кедергілерден өтеді.

Балалармен пікірлесу:

Қай жағдайда өзіңді қолайлы сезіндің?

Досыңа сенгеннен кейін кедергіден өту оңай болды ма ?

Ал көзі байланбаған бала өзін қалай сезінді?

Ой-түйін :

Жақсылық, ізгілік жасаған адам өзін қолайлы, жайлы эмоцияда сезінеді.

4. «Достық» ойыны, допты бір-біріне лақтыру арқылы ойналады.

Мақсаты: Баланың бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге көмектесу.

Маған досыңның кім екенін айт, мен саған кім екеніңді айтайын» деген мақал бар.

Ендеше өзіңнің досыңның бойынан көргің келетін жақсы қасиеттерді айтып көрші.

5. «Жақсы дос пен жаман дос» видео көрсету.

Мақсаты: Жақсы дос пен жаман досты айыра білу

6. «Майшам» ойыны.

Мақсаты: жақсы тілек айтып үйрену.

Шеңбер құрып тұрып бір – бірлеріне тілек айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілеті орта мектебінің жазғы

«Достық» сауықтыру лагері

«Денсаулық күні» (Жүгіру, секіру эстафеталық сайыс)

Тақырыбы:Денсаулық күні

 

Мақсаты: спортпен айналысудағы әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрету;

оларды қолдану дағдыларын дамыту ;

салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру.

Құрал жабдықтар: доптар, кегли, кедергілер, себеттер, арқан, самокат.

Мерекелік барысы:эстафетаға қатысушылар маршпен сапқа тұрады.

Көтеріңкі музыкамен Денсаулық залға кіреді.

Денсаулық: Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің атым-Денсаулық. Адамдар сәлемдескен кезде бір-біріне денсаулық тілейді. Кәне біз сәлемдесейік.

Балалар бір-бірімізге бұрылып «Сәлеметсің бе!» деп күлімдейік.

Денсаулық дегеніміз. Ауырмайтын, салауатты өмір салтын сақтайтын, дұрыс тамақтанатын, дене шынықтырумен айналысатын адамды айтамыз.
Денсаулық: Денсаулық мықты болып, ауырмау үшін не істеу керек ?
Балалар: Үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денені шынықтыру, тамақты дұрыс ішу, күн тәртібін сақтау керек.
Денсаулық: Дұрыс айтасыңдар.
Балалар кім маған денсаулық туралы мақал-мәтел айтып береді ?
Бала: Дені саудың-жаны сау.
Бала: Денсаулық-зор байлық.
Бала: Тазалық-денсаулық кепілі.
Денсаулық: Жарайсыңдар балалар, мен сендерге ризамын.
- Балалар, мен сендермен қызықты жарыстар ойнағым келіп тұр.

Сайысымызды бастамас бұрын бір сергіп, көңілімізді көтеріп, бойымызды жазып алайық.

«Спорт, спорт, спорт»

спорттық- хореографиялық би: флешмоб

 

Денсаулық: Жарысқа келгендерді қарсы аламыз,

Әр таңды қуанып біз атырамыз.

Өнерлі балаларды бақыланыз,

Сайысқа қатысуға шақырамыз.

 

1 топ «Жұлдыздар» тобы

Ұраны – Біз жұлдыздай баламыз,

Бәрін жеңіп аламыз!

2 топ «Күншуақ» тобы

Ұраны – Күншуақтай жанамыз,

Бірінші боламыз!

Денсаулық: Міне командалар кездесіп, бір-бірін құттықтады. Олардың алда өтетін жарыста үлкен жетістіктерге жетулеріне тілек білдіреміз.

Жатып алмай төсекте!

                                                  Ерте тұрып жүгірсен,

 Шынықтырып денеңді,

   Күш-қуат жинап бойына

                           Өзіңді сонда нағыз спортшы деп есепте.

       Спортшыларға сәтті қадам!

 

Бүгінгі жарысқа 2 топ қатысады. Осы топтардың жарысын бағалайтын әділқазылар алқасымен танысайық.

Диетбибі Назиба Матайқызы Ахметова

Медбибі Гульмира Советқызы Тусупова

 

Денсаулық:

Алдарыңда көп тапсырма

Қиындықтан қорықпа

Күштеріңе сенеміз

Салыстырып көреміз

 

1 – сайыс: «Допты домалату»

Ойын шарты: допты кегли арасынан оң қолмен домалату.

2 – сайыс: «Картоп егу»

Ойын шарты: әрбір кеглидін қасына бір-бір картоптан егіп шығамыз, келесі бала оны жинап шығады.

3 сайыс – «Кедергілерден өту»

Ойын шартты: Балалар екі қатарда тұрып кедергілерден өтеді, қолындағы допты себетке лақтырып, артқа қарай тура жүгіреді.

4 – сайыс: «Қарбыз тасу»

Ойын шарты: баланың қолына екі доп беріледі, допты қолтығына қыстырып, кедергілерден аттап келесі балаға қайта жүгіріп келіп, кезекті береді.

5 – сайыс: «Арқан тарту»

6 – сайыс: «Самокат тебу»

Жарыстың соңғы қорытындысы жасалады.

 

Денсаулық: Міне, біз «Денсаулық күнің» өткіздік. Сендер нағыз спортшыларсындар. Үнемі осылай спортпен шұғылданыңдар! Ал, енді біздің төрешілер алқасы жарыстың қорытындысын жасап, жеңімпаздарды атайды.

Марапаттау: Сайысқа екі топтың балалары белсенді қатысып «ДОСТЫҚ ЖЕҢДІ!» марапаттау қағаздарымен марапатталады.

 

Қорытынды: Балалардың барлығы сайысқа белсенді қатысып, көңілдері көтеріліп, сыйлықтар таратылды (алма, банан, тәттілер).

Денсаулық: Келесі Денсаулық күнде кездесерміз. Сау болыңдар!

Балалар музыка әуенімен спорт кешенінен шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 Сілеті орта мектебінің жазғы

«Достық» сауықтыру лагері

«Көңілді бауырсақтар» (Ертегі сахналау)

«Бауырсақ» ертегісі


Автор: Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде. Бір шал мен кемпір болыпты, Олар тату –тәтті өмір сүрген екен.

 

Бір күні шал:
- Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Кемпір:
- Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!
Шал:
- Әй,кемпір-ай!

- Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар!

Кемпір солай істейді,қойма түбін қырнап-қырнап екі уыс ұн табады да,қаймақ қосып,қамыр илеп,бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды. /музыка сүйемелдеуімен/

/шал мен кемпір күтіп ұйықтап қалады/

 

Автор:Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түседі де,одан әрі жолмен зырлай жөнеледі.Бауырсақ жолда зымырап бара жатса,қарсы алдынан қоян шыға келеді.
 

Қоян:
Бауырсақ!бауырсақ!

Мен ұзын құлақ сұр қоянмын

Былай былай секіре аламын

Мен сені жеп қоямын!
 

Бауырсақ:
Жоқ,сен мені жеме саған өлең айтып берем.
-Мен бауырсақ,бауырсақ,
Атамнан қаштым,
Әжемнен қаштым.
Ал сенен қашу,қоян,
Қиын емес маған.
 

Осылай әндетіп бауырсақ домалай жөнеледі.
 

Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса,оның алдынан қасқыр шыға келіп
Қасқыр:
Бауырсақ!бауырсақ!

Мен ашулы қасқырмын,

Тістерім менің азулы!

Аузымды мен ашамын,

Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
-Сен мені жеме,мен саған өлең айтып беремін.
-Мен бауырсақ,бауырсақ
Мен атамнан қаштым
Әжемнен де қаштым
Қасқыр,сенен де құтылам-деп домалай жөнеледі.
 

Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Аю:
Мен аюмын аюмын

Бәріненде мықтымын

Қолдарым күшті

Аяқтарым мықты

Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
-Сен мені жеме,мен саған өлең айтып берейін.
-Менен бауырсақ,бауырсақ
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым.
Қояннан да қаштым,
Қасқырдан да қаштым
Аю сенен де қашам!
Автор:
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.
Түлкі:
Амансыңба,бауырсақ! Көргендерге ұнайды,жүзің қызыл шырайлы!
Мен қу түлкімін, мен сені жеймін

Сол кезде ормандағы аю,қоян, қасқыр келіп

 

Қоян: Сен бауырсақты жеме!

Аю: Ойлан!

 

Түлкі ойланып, айтады:

Түлкі:

Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-басым ақылды,
Бәрін осы атқарған.
Мынау-менің оң қолым,
Мынау-менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.

- Мен сенімен дос боламын /екеуі құшақтасады/

«Көңілді күн» әнін барлығы қосылып орындайды, билейді, ойнайды.


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілеті орта мектебінің жазғы

«Достық» сауықтыру лагер

«Армандар орындалады» (Шығарма жазу Кім болам?)

 

 

                                 Армандар орындалады.

 

Мақсаты: Білімділік: оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету;

Тәрбиелік: жақсылыққа тәрбиелеу.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті. Балалар, қазір бәріміз көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап, көз алдымызға әсем табиғаттың көрінісін бейнелейміз.Сарқырып аққан сылдыр сумен жайқалған жасыл шөптің иісі бізді таң –тамаша күйге бөлейді.Сол табиғаттың ортасында сендер достарыңмен қыдырып жүрміз деп елестетіңдер және солай болат деген сеніммен өзіміздің бойымызға ерекше бір жігерлікпен сенім ұялатып көзімізді ашайық.

Дәйексөз:

"Арман – адамға қанат"дегенді қалай түсінесіздер? Арман – адамға қанат. Халық мақалы. Армансыз адам болмайды. Оқу, білім арқылы алысқа қанат қағасың. Әңгімелеу:

«Ананың асыл арманы»

Шығармашылық тапсырма. Тапсырма: 1.«Менің арманым» шығарма жазу. 2.Шарларға тілек жазып ұшыру.

 

Қорытынды: «Армансыз адам-ормансыз бұлбұл» дейді ата-бабамыз. Әрқайсымыздың ұлы арманымыз бар. Сол арманға жету жолында қажымай, талмай, үміт үзбей бірге самғайық. Арманымызғы бірге жетейік!!

 

Просмотров: 11811


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст