Тақырыбы: Су тасқыны туралы мәлімет және су тасқыны кезіндегі әрекет.
Мақсаты: Су тасқыны мен сырғыма туралы түсінік беру, одан қорғану, көмек беру жолдарын меңгерту;
Күн тәртібі:
1. Баяндама «Су тасқыны мен сырғымалар кезіндегі іс-әрекеті »
2. Сынып жетекшінің міндеті
3. Оқушылардың міндеті
1. Тақырыбы: Су тасқыны мен сырғымалар кезіндегі іс-әрекеті
Су тасқыны. Бұл құбылыс та біздің елімізде жерімізде жиі болып тұрады. Бұл өзгерістердің барлығы тек табиғат күштерімен ғана болып жататын құбылыстар.
Су тасқыны кезіндегі сіздің іс-әрекетіңіз:
1.Су тасқын кезінде, егер сізде уақыт бар болса, онда үйден кетпей тұрғанда газды сөндіріп және электротехникаларды сөндіру керек, өзінмен бірге керекті азық-түлікті (2-3 күнге), киімдерді, дәрілерді жинап алу керек.
2.Егер су тасқыны ашық жерде немесе орманда болса, онда жылдам биік жерлерге (ағашқа немесе басқа бір затқа) ұстанып қалу керек.
3.Егер сіздің жолынызда өзен тасқыны болса ең біріншіден тайаз (мелкое) жерді іздеп көріңіз.
4.Сумканы немесе рюкзакті сулап алмау үшін жоғары орыналастырыныз. Егер оларды өзініз ұстасаныз онда рюкзакты иықа бір лямкаға ғана ілініз, өйткені, егер сіз суға құласаныз рюкзакті оңай тастасалуға болады.
5.Судың тереңдігін білу үшін, ұзын таяқты алыныз.
6.Суға бір аяқты мықты қойғаннан кейін ғана екінші аяқты көтерініз, судын ағына қарай бұрыш жасап қырынмен абайлап жүрініз.
Егер сіз топтың ішінде өзенді өтіп жүрсеніз, онда бір адам өзеннің арғы жағын жіптің бір соңын алып ағашқа немесе тасқа байлап қою керек. Келесі адамдар бір қолымен жіпті екінші қолмен таяқты ұстап өзенді өтуге тиісті.Егер сізде жіп, арқан болмаса және сіз топпен өзенді өтіп жатырсындар, онда бір бірлеріңіздің иықтырыңыздан ұстап, бір-біріне сақтандыру жасап абайлап бірдей немесе кезекпен аяқтарын басып өзенді өту керек.
2. Сырғыма. Сырғыма – ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы). Көбінесе жыралардың сумен шайылуы, оның мол жауын-шашынмен шектен тыс ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстар және т.б.) болып табылады. Сырғанау кезінде топырақ көлемі ондаған және жүздеген мың текше метрге дейін жетіп, кейбір жағдайларда одан да көп болуы мүмкін. Сырғыманың тайғанап ығысуының жылдамдығы жылына бірнеше метрден, секундына бірнеше метрге дейін ауытқуы мүмкін. Сырғыманың тайғанауының ең көп жылдамдығы жер сілкіну кезінде байқалады. Топырақ массасының сырғуы тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың, инженерлік және жол құрылымдарының, магистральді құбырлар мен электр тасымалдау желілерінің қирап және құлауына, сондай-ақ адамдардың зақымданып және мерт болуына әкеліп соғуы мүмкін.
Сырғыма кезінде қандай әрекет жасау керек:
Сырғыманың пайда болу қаупі туралы дабыл алған кезде электрқұралдарын, газ аспаптары мен су құбырлары желісін ажыратып, алдын ала әзірленген жоспар бойынша дереу көшуге дайындалыңыз. Сырғыма станциясының анықтаған сырғыманың ығысу жылдамдығына байланысты, қауіпті есепке ала отырып, әрекет етіңіз. Ығысудың әлсіз жылдамдығында (айына метр) өзіңіздің мүмкіндіктеріңізге қарай әрекет етіңіз (құрылысты алдын ала дайындаған орынға көшіріңіз, жиһазды, заттарды тасыңыз және т.б.). Сырғыма ығысуының жылдамдығы тәулігіне 0,5 – 1,0 метрден көп болса алдын ала өтелген жоспарға сәйкес көшіңіз. Көшу кезінде өзіңізбен бірге құжаттарды, құндылықтарды, ахуалға байланысты және әкімшіліктің нұсқауымен жылы заттар мен азық-түлік алыңыз. Дереу қауіпсіз жерге көшіңіз, және қажет болса құтқарушыларға қазуға, опырылымдардың астынан зардап шеккендерді алып шығуға және оларға көмек көрсету үшін жәрдемдесіңіз.
Сырғыманың ығысуынан кейінгі әрекет:
Сырғыманың ығысуынан кейін сақталып қалған құрылымдар қабырғаларының, жабындарының жағдайы тексеріледі, электр-, газ-, сумен жабдықтау желілерінің зақымдануы анықталады. Егер де Сіз зардап шекпесеңіз, онда құтқарушылармен бірге зардап шеккендерді үйінделерден алып шығыңыз және оларға көмек көрсетіңіз.
2. Сынып жетекшінің міндеті:
Сынып жетекшінің міндеті оқушылармен тығыз қарым –қатынаста болу, мектептегі уақыттарында ұдайы бақылауда ұстау және мектептен тыс уақыттарында ата-аналар арқылы оқушылар жайлы мәлімет алып отыру.
3. Оқушылардың міндеті:
Оқушылардың міндеті сынып жетекшісімен үнемі байланыста болу және қар мұз еріген кезде өзен, көл жағаларына бармау.
Оқушылар мен ата-аналар хаттамамен таныстырылып қол қойылды.