Текст
01.09.2025
Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн — әрбір адамның жүрегінде мәңгі сақталатын, шуақты естеліктерге толы ерекше мереке.
Білім ордасының табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл — жаңа өмірдің бастауы, ал жоғары сынып оқушылары үшін – үлкен мақсаттар мен жетістіктерге жол ашатын маңызды қадам. Ұстаздар қауымына – мықты денсаулық, сарқылмас шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!
Оқушыларға – үздік баға, биік белес және жарқын болашаққа апарар сенімді қадам тілейміз! Жаңа оқу жылы сәттілік пен жақсылыққа толы болсын!