"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ғылыми жоба. Тақырыбы: «Тасқора тарихи орындар»

26.02.2019

 

 

Мазмұны

Абстракт.............................................................................................................................     3-5

I. Кіріспе …............................................................................................................................     6

1.1.Сыныптастардың  пікірлері..........................................................................................    11

II.Негізгі бөлім…………………………………………………………………………...      7    

2.1.Сілеті ауылындағы  тарихи ескерткіштер   ………………………….......................    9

2.2.Тасқора III мұртты оба..................................................................................................     10

ІV.Қорытынды..................................................................................................................     12

V.Пайдаланған әдебиеттер  ............................................................................................    13

VІ.Қосымша.......................................................................................................................    14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Абстракт

                   Ғылыми жұмыста қозғалған мәселе Ерейментау ауданы, Сілеті өңірінің тарихи – мәдени ескерткіштерінің тарихи маңызына тоқталу. Осы жоба арқылы ауыл тұрғындарына, болашақ ұрпағымызға тарихымызбен үндес іздерді барынша қастерлеп, біліп, алынған ақпаратты жүректен өткізіп, болашақ ұрпаққа таныту.  Бұл тарихи ескерткіштер туған өлкеміздің мәдени құндылығына айналады деген ойдамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

                 Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы  аясында ұйымдастырылған шара ұлттық рухани байлықтарымызды халық санасында қайта жаңғырту, ұрпақтар арасында кеңінен насихаттау мақсатын көздеді.

                 Бұл жобаның нәтижесінде біз Сілеті аулымыздың тарихи ескерткіштері жайлы мәліметер жинадық.  Ал енді бұл жиналған деректер келешекте көптеген жаңа зерттеу жұмыстардың басталуына түрткі болады деген сенімдеміз. Жұмыс барысында табылған ақпараттар біздің қызығушылығымызды одан әрі арттырды.

   Жобаның негізгі бөлімінде біз туған ауылымыздың тарихи – мәдени ескерткіштеріне тоқтала  отырып, бұл жобаның маңыздылығына арнайы фактілер келтірдік. Бұл ескерткіштер жайлы мәліметтер іздеп, экскурсияға аттанып жақынырақ таныдық.

                Осы тақырыпты алған себебіміз, өзіміздің туған еліміздің мәдени- тарихи ескерткіштеріне көз жүгірту, ата – бабаларымыздың қалдырған мұрасына бір елі жақын болу. Жиналған қызықты мәліметтерден жаңалық ашу, ортамызға салып мәдени құндылықтарға бойымызды тәрбиелеу.

Әр адам өзінің туған өлкесінің басынан өткізген тарихын білуі тиіс. Ержүрек батырларымыз ұрпақтарына аманат етіп қалдырып кеткен жердің қадірін біліп, бұл жердің мәдени құндылықтарын көзінің қарашығындай қорғауы тиіс.

 

 

 

 

   Тақырыптың өзектілігі:. Тарихи дамуда кез келген халық өзінің мәдениетіне сүйенеді, өзінің өткен кездеріне сын көзбен қарайды, ұлттық мұраға назар аударады. Сондықтан Елбасымыздың  бастамасымен қазіргі күнде мемлекетіміздің барлық аймақтарында рухани жаңғыру бағдарламасы аясында көптеген өзекті мәселелер өз шешімін табуда. Бұл жерлердегі ерте кезден бастап – ақ сақталып қалған тарихи ескерткіштерді зерттей отырып, тарихи маңызына аса көңіл аудару қажет. Тарихи өңіріміздегі мұртты обаның сирек кездесуі, осыған дейін жер-жерлерде бұрын айтылмаған, зерттелсе де, дұрыс тарихи бағасы берілмеген ескерткіш болып табылады. Осындай мүмкіндікті пайдаланып аудан көлеміндегі өткен дәуірдің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін ескерткіштерінің болашақ ұрпаққа аманат етіп ерекше маңызға ие болуы өзекті мәселелерінің бірі.

      Ғылыми жобаның мақсаты:

Зерттеу жұмысының барысында ауылдың тарихи ескеткіштері мен болашағына қатысты көптеген мәліметтер қарастырылып, сол негізде жоба барысында мынадай мақсаттар алға қойылды.

          -Тарихи ескерткіштерге тоқталу;

  • Жинақталған деректерді баспаға ұсыну;
  • Тарихи ескеткіштерді қоршауға алуды ұсыну,
  • Тарихи деректерге сүйене отырып түрлі ұсыныстар жасау (тарихи орындарды аудандық бақылауға алу).
  • Тарихи ескерткіштерді өлкеміздің бөлінбес құндылығына айналдыру. 

      Ғылыми жобаның міндеттері:

  1. Тарихи ескерткіштер жайлы мәліметтер жинау:
  • А) мектеп кітапханасына бару;
  • Б) аудан кітапханаларынан іздестіру:
  • В) бұл тарихи ескерткіштерге экскурсия ұйымдастыру;
  • Г) әлеуметтік желілерден іздестіру.
  1. Оқушылармен экскурсияға аттану;
  2. Оқушылар арасында сауалнама жүргізу.

     Зерттеудің болжамы:  Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын тарихи және мәдени мұрамызға қайта бір шолу жасау, ой елегінен өткізу, келешекке қалпын бұзбастан жеткізу.

     Зерттеу кезеңдері: 

  • Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау 
  • Тақырыпқа қажетті қоғамдағы ақпараттық құралдар материалдарын жинау 
  •  Жинақталған материалдарды саралау, сұрыптау 
  •  Жоспарлау 
  •  Жоспар бойынша ғылыми зерттеу еңбектеріне сүйеніп жазу 
  •  Зерттеу барысында ғылыми жетекшіден тақырыпқа байланысты ақыл-кеңестер алып, жұмыстың негізін ашуға талпыныс жасау 

     Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы: Тарихи-мәдени ескерткіштердің маңыздылығын, тарихи сабақтастығын дәләлдеп, мәдени мұрамызды қорғаудың белгілі бір жүйесін қалыптастыру. 

 

2.1. Сілеті ауылындағы  тарихи ескерткіштер

   Ерейментау ауданы, Сілеті ауылы өңірінің тарихи – мәдени мұрасына назар аудармас бұрын, алдымен оның қай кезден бастау алғанына көңіл бөлген дұрыс. Себебі, бұл мұртты қорғандардың өте сирек кездесуі де мәлім. Мұртты обалардың ерекшіліктерін айта отырып, олардың пішіні сопақша, «мұрттар» созылып ұсақ тастармен өрілгені де белгілі. 1-2 суреттерге қарай отырып біз қазіргі бұл қорғандардың да ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Осындай қорғандар әсіресе ерте темір дәуірінде кездесетіні де мәлім.

   Сілеті ауылы өңірінің тарихи ескерткіштерін археологтар қола және темір дәуіріне жатқызады. Бұл жерде Тасқора , Тасқора I, Тасқора II, Тасқора III, Қасени қоршауы, Тасқора және Тасқора I тұрағы бар. Осы қорымдарды 1999-2000 жылдары К.А.Ақышев пен М.К. Хабдулина бастаған тарихи археологиялық барлау экспедициялық отряды зерттеуді бастаған. Кейін, 2006 жылы В.В.Варфоломеев бастаған археологиялық отряд зерттеулер мен қазба жұмыстарын жүргізіді.

 

 

 

 

   Тасқора қорымын археологтар ерте темір дәуірінің аралығына жатқызады. Тасқора қорымы Сілеті өзені бойында, Сілеті ауылынан солтүстік-шығыс бағытта 4 км қашықтықта, қираған Тасқора елді мекенінен оңтүстік-батысқа қарай 2,5 км қашықтықта орналасқан. Тас үйінділерінен тұратын  төрт қорғаннан құралған. Орталық қорғанның диаметрі 8м, биіктігі 0,6 м, ал қалғандарының диаметрі 5-6 м, биіктігі 0,2-0,3 м. Бұл қорғандарда қарақшылық шабуылдарының іздері анықталған.

 

  Тасқора I қорымын археологтар ерте темір дәуіріне жатқызады. Тасқора I қорымы Сілеті ауылынан солтүстік-шығыс бағытта 4 км, Сілеті өзенінің сол жағалауында, қираған Тасқора елді мекенінен оңтүстік-батысқа қарай 2 км қашықтықта орналасқан. Бұл қорым 3 тас қорғандарынан құралған. Диаметрі 5-тен 10-ға дейін жеткен, биіктігі 0, 4-тен 1-ге дейін жеткен.

 

  Тасқора II қорымын археологтар ерте темір дәуіріне жатқызады. Тасқора II қорымы Сілеті ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5км қашықтықта, Сілеті өзенінің сол жағалауының төбесінде, қираған Тасқора елді мекенінен солтүстік батысқа қарай 4 км қашықтықта орналасқан. Бұл тас үйінділерінен құралған 2 доға тәріздес  қорғаннан тұрады, екеуі де қазылған. Кіші үйіндінің қорғанның астында (5,4 ×6м, биіктігі 0, 65м) солтүстік бағытқа созылған. Оңтүстік қорымның шұңқырының ұзындығы 2, 05м, ені 1м, таспен толтырылған.

Адам қаңқасының төменгі бөлігі сақталған, басы батысқа қарай бағытталған. Екінші қорғанның өлшемі (13, 6×12м, биіктігі 1 м) қорған шұңқырының ұзындығы 2, 45 м, ені 1м қарақшылық тонаудың болғаны анықталған.


 

 

 

 

 
   Қасени тас дуалы- археолгтар қола дәуіріне жатқызады.  Сілеті ауылындағы телемұнарадан шығысқа қарай 3,5 км, Сілеті өзенінің сол жағалуында, қираған Тасқора елді мекенінен оңтүстік- батысқа қарай 3 км қашықтықта орналасқан. Ескерткіш 6×7м, қоршау қабырғаларының ені шамамен 0,7 тас қоршаудан құралған. Қабырғалар заманауи деңгейде бекітілді.
Қазіргі жағдайы тозған, тас қоршаулар тоналған деуге болады, тастарын әр кезеңде әр түрлі мақсаттарға қолданған болуы мүмкін.
   Тасқора тұрағы- археолагтар ерте темір дәуіріне жатқызады. Сілеті ауылынан солтүстік-шығысқа 6 км, қираған Тасқора елді мекенінен оңтүстік-батысқа қарай 2 км қашықтықта орналасқан. Дөңгелектенген және төртбұрыш түріндегі тас құрылымдарының ыдырауы анықталды. Шамамен 7000 шаршы метр аумақта 28 құрылымдар бар, олар бір-бірінен 40-50м қашықтықта орналасқан құрылымдардың үш тобын құрайды. Солтүстік тобы жағалаудың жоғарғы жағында орналасқан және шығысқа бағытталған үйлестірілген тамбурлары бар сегіз конструкциялардан тұрады. 1990 ж осы құрылыста 8,5-7,5 м болатын сопақ сақина табылған. Құрылыстың басталуына дейін көлденең бетті құру теңдестірілді. Бұл аумақтың солтүстік және Батыс жағынан шұңқырдың бір бөлігі материкаға кесілген. Шұңқырдың қатырмаларының ең жоғарғысы 0,25м.Тас сақинадан шығыс бағытта құрылыс мүмкін, тамбурға ұқсас кіреберістен кетеді. Оңтүстік қабырғасының ұзындығы- 5м, солтүстік – 2,3м. Орталық ж/е оңтүстік топтарында  он құрылыстан салынған. Кейбір құрылымдар тік беткейлерге бекітіледі, сондықтан жабық қабырғалары жоқ.Әр топта 2-3 ірі көлемді құрылымдар 80 метрге дейін жетеді,ал қалғандары 5х6 метрге дейін жетеді.Орталық бөлікте ұзындығы 20-10 метрге жуық доға тәрізді құрылымдар бар, оның шығыс бөлігі дөңгелек құрылымға негізделген.Бұл- ғимараттар арасындағы тас дуал болып табылады, оның құлдырауы шамамен 2м.Бұл құрылымдар елді мекеннің орталық массивінің солтүстік жағын анықтайды. Кейінірек қабырғаның құрылысы арқылы қалыптасқан құрылым салынды. Оның пішіні мен өлшемдері шаруашылық белгілерге ұқсайды. Оңтүстіктегі ғимараттардың ішкі кеңістігі бос. Табылған тұрақтың мәдени қабаты: інжу-маржандалған қола пышақ(ұстағышы бар), ұсақ тас кетпендер, бұрғыланған тесігі бар бір астрагал ж/е қой мен ешкі сүйегі.

 
   Тасқор I тұрағы- археологтар ерте темір дәуіріне жатқызады. Сілеті ауылынан солтүстік шығыс бағытта 9 км, Сілеті өзенінің оң жағалауында, қираған Тасқора елді мекенінің солтүстік бағытта 1 км, қираған қыстаулардың солтүстігінде орналасқан.Орналасқан ұзындығы 5х6-дан 6х8-ге дейін, тереңдігі 0,2-0,5 м жерде дөңгелек ж/е сопақ алқаптар орналасқан.Өрістердің кейбірі тасқа төселген. Барлығы 30 алқап ж/е 1 дөңгелек тас тақтасы.1999ж 68 шаршы метр алаңды қазу барысында ескерткіштің солтүстік жағында екі іргелес құрылым зерттелді. 6х5 м өлшемдік тікбұрышты құрылыс солтүстік-батыс – оңтүстік-шығысқа қарай көлденең бағдарланған, қабырғалары 2 қатар тастардан тұрады. Олардың арасын кішігірім тастар толтырады. №2 құрылыс жартылай жерде орналасқан. Оның ені 3,7м, тереңдігі 0,5 м. 2001ж ескерткіштің орта бөлігінде 162 шаршы метр жерде қазба жұмыстары жүргізілді.Үшкамералы конструкция үйлердің іргелес орналасқанын бекітеді. Қазба 1-1,2 м деңгейге дейін тереңдейді, бірақ қабырғалар мен өзендердің айқын сызбалары болмады. №3 құрылыстың өлшемі 7х5,5м. Оның оңтүстік іргесіне № 4 құрылыс тиіп тұр,оның өлшемі 5,5х5м . Және солтүстігінде №5 құрылыс , өлшемі 5х4м. №3 құрылыстың солтүстік қабырғасында күл ұааты табылды. Құлаған тас оңтүстік-бастысқа өарай тазартылды.Ол №4 корпустың тамбур қабырға сызығына ұқсас ұзындығы 2,5м , ені 2-2,5м .Табылған заттар:40 тас кеселер,керамика бөліктері,қола жебе, қола бөліктері, шақпақтас өнімдері- пластикалар мен қырғыштар, жануар сүйектері.Тұрақтар ерте темір дәуірінің сатысынан бастау алады. 

 

 

 

 

 

2.2. Тасқора III қорымы

Тасқора III қорымын археолготар ерте темір дәуірімен кейінгі темір дәуірі аралығына жатқызады.

Тасқора III қорымы Сілеті өзені бойында, сол жағалауында Сілеті ауылынан солтүстік шығыс бағытта 7 км қашықтықта, Тасқора елді мекенінен солтүстік батысқа қарай 1,5 км қашықтықта орналасқан.

Бұл қорымды 1999 жылы археолог ғалымдар К.А.Акишев пен М.К.Хабдулина бастаған тарихи-археологиялық барлау экспедициялық отряды зерттеген.

Кейін 2006 жылы В.В.Варфоломеев бастаған археологоиялық отряды зерттеулер мен қазба жұмыстарын зерттеген.Зерттеулер қорғандар мен жерлеу орындарын анықтайды.

Негізгі қорғанның диаметрі 10 м

                                   биіктігі  0,8 м

Қорған әртүрлі тастармен обаланып, үйілген.

Орта тұсында қазылып тоналған қазба орындары байқалады.

Негізгі қорғаннан шығыс бағытта ”мұрттар” созылып ұсақ тастармен өрілген.

“Мұрттар” ұсақ тастармен өріліп, соңы диаметрі 2 м кіші қорғанмен аяқаталады.

Солтүстік мұртының ұзындығы- 120 м

Оңтүстік мұртының ұзындығы- 105 м

Қорғанның шығыс жағында ұзындығы 15 м, ені 5-6 м тас үйіндісі бар, ал солтүстік шығыс бағытта 50 м қашықтықта диаметрі 6 м , биіктігі 0,3 м тас қорған, оңтүстікке қарай диаметрі 5 м, биіктігі 0,4 м тағы бір қорған орналасқан.

Батыс бөлігінен үйінді тас қорған қазылып зерттелген.

0,8 м тереңдіктен адам мүрдесі табылған. Адам басы солтүстік батысқа қарай бағытталған.

Адам денесі шалқасынан жатқызылған.

Бұл жерлеу кейінгі ортағасырға тән жерлеу дәстүріне тән.

Жалпы бұл ескерткіш сақ заманына тән деп бағалауда.

Бұл дәлелдер “Сілеті өзені бойындағы қазба жұмыстары” еңбегінен алынды. 2000 ж. Авторлары:В.В.Вафоломеев, Уртембаев М.И

Сақ заманынан қалған деп саналатын мұртты обалар орталық Қазақстан аумағында кең тараған.Сарыарқа өңірінде де.

Тасмола мәдениеті обасының дәлелі-Исседон тайпасы қалдырған мұртты обалар.

                 

 

Ерейментау ауданы, Сілеті ауылы өңірінің тарихи – мәдени мұрасына назар аудармас бұрын, алдымен оның қай кезден бастау алғанына көңіл бөлген дұрыс. Себебі, бұл мұртты қорғандардың өте сирек кездесуі де мәлім. Мұртты обаларының ерекшіліктерін айта отырып, олардың пішіні сопақша, «мұрттар» созылып ұсақ тастармен өрілгені де белгілі. 1-2 суреттерге қарай отырып біз қазіргі бұл қорғандардың да ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Осындай қорғандар әсіресе ерте және орта темір дәуірінде кездесетіні де мәлім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ерейментау ауданы

Сілеті орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Тасқора тарихи орындары»

 

 

 

 

 

 

  Дайындаған    9-сынып оқушысы                    Малчыбай   Айнұр

 

 

 

Жетекші  мұғалімі                                                  Нұрсапа.Х

 

 

 

2019 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 788


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст