"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ

15.02.2018

 

Тақырып:«Мөлдір бұлақ, жасыл құрақ»

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: сүйіспеншілік, жанашырлық, адамгершілік

Мұғалiм: Хонай  К

Сынып: 6

Оқушылар саны: 11

Сабақ мақсаты: Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыта отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту;

-оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету;

-табиғатқа сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

Оқулық, үнтаспа, қосымша материалдар, компьютер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Түрлі түсті жапырақтар арқылы сыныпты екі топқа бөлемін.

а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.

ә) 5Т-ны еске түсіру. (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

І.Тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Арқаларыңды тік ұстап отырыңыздар. Көздеріңізді жұмып, терең дем алыңыздар. Ескеріңіздер: әр ауа жұтқан сайын босаңсып, байсалды бо лыңыз. Қазір біз орманға серуенге бара жатырмыз. Елестетіңіздерші, сіздер сынып есігіне жақындап, есікті ашып, далаға шықтыңыздар. Таза ауамен демалып жатырсыз. Желдің шашыңызға тиіп жатқанын сезесіз және күннің көзі сіздің бетіңізді жылытқанын сезіп жатырсыз. Орманға қарай жүріңіз. Сақ болыңыз, келе жатқан жәндіктерді басып кетпеңіз! Бір минутқа тоқтап, айналаңызға қараңыз! Табиғаттың сұлу лығын сезініңіз! Кез-келген гүлге жақындап, еңкейіп, назар салып қара ңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін сезініңіз. Айналаңызға назар салып, әрі қарай жүре беріңіз. Гүлдер мен ағаштардың жұпар иісін жұтып, құстардың сайрағанына, жәндіктердің дауысына, бәріне мән беріп жүріңіз. Орманның ішінде жүрген сайын ағаштардың биіктеп бара жатқанына назар салыңыз. Күннің шуағына назар салыңыз, жапырақ тардың желге қозғалғандағы үнін тыңдаңыз. Орманда біз өзімізді қауіпсіз және бақытты сезінеміз. Сіздер алаңқайға шықтыңыздар, мұнда бірнеше минут демаламыз. Қай ағаштың түбінде отырып демал ғыңыз келеді, таңдаңыз. Ағашқа жақындап, оны құшағыңызға алыңыз. Оның ішіндегі күш-қуатын сезініңіз. Енді оның астына отырып, діңіне арқаңызды тіреңіз. Көзіңізді жұмып, терең демалып, айналадағы тыныштыққа назар аударыңыз. (Осы кезде мұғалім бір-екі минут үзіліс жасайды). Біздің жанымыз тыныш, біз өзімізді бақытты сезі неміз. Табиғат қандай сұлу! Біз табиғатты қорғау керек екенін түсіне міз. Ешбір тірі нәрсеге жамандық жасауға болмайды. Естеріңізге сақтаңыздар.

  Бұл енді сіздің ағашыңыз. Оған кез келген уақытта келе ала сыз. Ал енді мектепке қайтуға дайындалыңыз. Тағы да бір рет айна лаңызға қараңыз. Асықпай, келген жолыңызбен жүріңіз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, біз мектептің есігіне де жеттік. Айналаңызға тағы бір рет қарап, таза ауамен терең демалыңыз, есікті ашып, орныңызға отырыңыз. Жаныңыздың тыныштығын сақтаңыз. Күлімдеп, көзіңізді ашыңыз!

  Сабақ барысын талқылау:

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Қанекей балалар үйге қандай тапсырма берілді?

«Бетпақдала»

1.Бетпақдала деп аталу себебі неде?

Хан жарлығы мен ел-жұрттың әрекеті табиғатты қандай жағдайға душар етті?

2.Құнарлы жердің бетпақ далаға айналуынa адамдардың қандай әрекеті әсер етті?

3.Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп  соқтыруы мүмкін?

4.Ол үшін біз не істеуіміз керек?

. Ханның жасаған әрекеті дұрыс па? (дұрыс емес ол табиғатқа қиянат жасады)

6.Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін?

7. Қандай адамдар қиянат жасамайды?

ІІІ. Дәйексөз

Таза болса, табиғат

Аман болар адамзат!

Ф.Оңғарсынова

 

Хормен оқыту.

Ұл балаларға және қыз балаларға бөлек оқыту.

Жұмыс дәптерге жаздыру.

Осы дәйексөз сіздерге қандай ой салды?

Оқушылардың жауаптары негізінде дәйексөздің мағынасын толық ашып, қорытындылау.

Дәйексөздің мағынасын ашып, талқылау

ІV. Әңгімелеу

"Бала және інжугүл қоңыраулары"

(Ертегі)

В. Сухомлинский

Көктем келді. Жерден жебе тәрізді екіге бөлінген көк жапырақша көрінді. Оның жапырақтары тез өсіп, көлемі үлкейе бастады. Ал олардың арасынан кішкентай өскін өсіп шықты. Өскін бой көтеріп, басын жапырақтың біреуіне қарай бұрып, бір күні таңмен аппақ қоңырауларға толып, гүлденді.

Бұл інжугүл қоңыраулары болатын.

Бұл аппақ қоңырауларды кішкентай бала көріп, олардың әдемілігіне таңырқай қарады. Ол көзін гүлдердің қоңырауларынан ала алмай, ұзақ тұрып, оны жұлып алуға қолын соза бастаған кезде гүл былай деп

сыбырлады:

Сен бізді не үшін жұлғың келеді?

Сендер маған ұнайсыңдар. Сендер сондай әдемісіңдер, мен өте қызығып тұрмын, – деп жауап берді бала.

  Жарайды, - деп күрсінді інжугүл қоңыраулары.

Жұлып ал, бірақ жұлмастан бұрын біздің қандай әдемі екенімізді айтшы.

Бала інжугүл қоңырауларына қарап, олардың соншалықты кереметтілігіне таңдаңды. Бала оларды аппақ бұлттарға, ақ көгершіннің қанаттарына сонымен бірге таңқаларлық кереметке ұқсатты. Осының бәрін сезінген бала ештеңе айта алмай үнсіз тұрып қалды.

Өсіңдер інжугүл қоңыраулары, - деп сыбырлап жәй ғана үн қатты.

1. Бала нені көріп таңқалды?

2. Бала неліктен інжугүлді жұлмады?

3. Сендердің өмірлеріңде осыған ұқсас жағдайлар кездесті ме?

4. Баланың іс әрекеті дұрыс па?

5. Інжугүлді неге теңеді?

6. Баланың орнында болсаң сен не істер едің?

Мәтін бойынша әңгімелеу

V. Шығармашылық  іс әрекет, топтық жұмыс

І топ. Өздерің тұратын жердегі табиғат үйлесімділігі сақталмай, қамқорлықты қажетететін жағдаяттарды шешудің жобасын жасап, жария ету

ІІ топ. «Жер,су,ауа,өсімдік» сөздерін айта отырып, өзінің жақсы қасиеттерін,адамға пайдасын және адамның оларға тигізер пайдасын постер бетіне түсіру.

Топпен жұмыс, постер қорғау

VІ. Топпен ән айту

Ақ көгершін әні

ө. Н. Баймұхамедов 

ә. А. Жұбанов 

Ақ көгершін, көгершін, 
Қолғанат құс сен едің. 
Бар, кезіп қайт ел үшін, 
Кең дүниенің көлемін. 

Әділеттің құсы деп, 
Көз алмастан жолыңнан. 
Бақыт болып қоншы деп, 
Ұшырамын қолымнан. 

Ел тілегін алып ұш 
Адамзаттың бағына. 
Қара бұлтты жарып ұш 
Мұхиттың арғы жағына. 

Сенен көзін алмайды 
Ақ ниетті бар адам. 
Ақ қанатың талмайды 
Әділеттен жаралған. 

Тыныш-бейбіт өмірдің 
Белгісі боп қанат қақ. 
Әлемге ортақ көңілдің 
Қайт шыңына қонақтап. 

Ел тілегін алып ұш 
Адамзаттың бағына. 
Қара бұлтты жарып ұш 
Мұхиттың арғы жағына. 

Қанатыңда жазылған 
Жалғыз ауыз ұран бар. 
Не құдірет құралдан 
Ең күштісі сол құрал. 

«Бейбітшілік» делінген. 
Белгіні оқыр әр адам. 
Бақыт құсы келді дер 
Қанатыңа қараған. 

Ел тілегін алып ұш 
Адамзаттың бағына. 
Қара бұлтты жарып ұш 
Мұхиттың арғы жағына.

Топпен ән айту

VІІ. Үй тапсырмасы

«Табиғат аясында өзіңді ұстай білу ережесінің» жобасын тізіп келу.

VІІІ. Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қосылады. Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

 

Просмотров: 430


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст