"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесі

26.09.2020

Тілдер мерекесіне арналған тапсырмалар жинағы.

Мұғалім: Тойлыбай Ағлан

Сынып: 11 «Б» сыныбы

Өткізілген күні: 15.09.2020 жыл

Өткізу түрі: Онлайн

Тақырып: Мемелекеттік тіл – менің тілім!

Мақсаты:

Мемлекеттік тіл – менің тілім! Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.

Көрнекіліктер: Слайд, видео материалдар, суреттер т.б.

1-тапсырма.

Слайдта берілген материалдармен таныса отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Түркі халқының тілдері туралы қандай мәліметберілген?

2. Ең көп тараған тілдерді ата?

3. «Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ” сөзінің авторы кім?

4. Мұхтар Әуезов тілтуралы қандай пікір жазған?

5. Тіл туралы қандай өлеңдер білесің?

2-тапсырма.

Тіл туралы бес мақал-мәтел жаз.

Мысалы: 1. Өнер алды – қызыл тіл.

                 2. Тіл – тас жарады, тас жармаса – бас жарады.

3-тапсырма.

Берлген қанатты сөздердің авторларын табыңдар.

1. «Тәрбие басы – тіл».

2. «Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың».

3. «Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады».

4. «Халықтың тіліне қиянат жасау – оның жүрегін жаралау».

5. «Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек».

6. «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады».

 

4-тапсырма.

Қазақ ақын-жазушыларының тіл туралы ой-тағылымдарынан мысалдар келтір.

 (2-3 мысал).

5-тапсырма.

Берілген видео материалды көріп, А.Құнанбаевтың екі нақыл сөзінің мағынасын ашып жазыңдар. (бірінше видео материал бойынша)

6-тапсырма.

Берілген екінші видео материалмен танысып, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінің ішінен ұнағанын өз сөзіңмен толықтырып жаз.

Сізге бұл салт-дәстүрлер таныс па? (екінші видео материал бойынша)

 

Ескерту: Видео материал мен слайд оқушыларға бір күн бұрын жіберіледі. Тапсырмаларды екінші күні орындайды.

         Оқушылардың жұмысы 1-10 балдық шкаламен бағаланады.

 

Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст