Текст
1 Наурыз –Алғыс айту күні. Бұл күн мейрімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі. Сілеті орта мектебінде бұл күні оқушылар, мұғалімдер бір біріне алғыстарын, құрметтерін білдіріп жатты. Мектепте салтанатты жиын, жас мамандар қатысуымен дөңгелек үстел қызықты өтті, «Әкем,анам және мен» атты спорттық жарыс болды және 1-10 сыныптардың қатысуымен көңілді флешмоб өтті.