Ағылшын тілі апталығы
Сілеті орта мектебінде 20 қаңтардан бастап 24 қаңтарға дейін ағылшын тілі апталығы өтті. Ағылшын тілі апталығының жоспары келесі тақырыптардан құрылған:
20.01.20 -апталықтың ашылуы ( оқушыларды апталық жоспарымен таныстыру)
20.01.20- «Ең үздік қабырға газеті» газеттер сайысы.
21.01.20- «Do you know it?». Сайыс ойын 5-6 сыныптар арасында.
22.01.20- « Who is the winner?» сыныптн тыс іс-шара.10-11 сыныптар арасында.
24.01.20- « Who is the fastest?» викторина 5-6-7 «Б» сыныптарында.
Күні: 20.01.20.
Тақырыбы: Апталықтың ашылуы.
Мақсаты: Оқушыларды апталық жоспарымен таныстыру.
20.01.20.- « Ең үздік шығарма» газеттер сайысы. «Sight of London”
Мақсаты: Оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылықтарын
арттыра отырып , оларды ағылшын тілінде газеттер шығару,Лондонның көрнекі жерлері мен таныстыру және де ішінен ең жақсы шығарылған газетті таңдап оқушыны марапаттау.
Тақырыбы: - “ Do you know it?” сайыс ойын. 5-6 сыныптар
Мақсаты: Сабақта өткен лексикаларды еске түсіре отырып, сөздік қорларын дамыту, әр түрлі тақырыптардағы тапсырмаларды орындату тілге деген қызығушылықтарын арттыру.
Қорытындысы: Осы сайыста 6 «А»-сынып оқушылары белсенді қатысып І-орын алды. 5- сынып оқушылары белсенді қатысқандары үшін II орын иеленді.
22.01.20- « Who is the winner?» сыныптн тыс іс-шара.10-11 сыныптар арасында.
Мақсаты: Тілге деген құрметін арттыру және де өз-ара пікір алмасу, әр-түрлі тақырыптар бойынша тапсырмалар орындау, сөздік қорларын нығайту.
Қорытынды:10 «А», 10 «Б» ,11 «А» сыныптар аралығында өткізілген бұл іс-шарада өзінің алғырлығы мен, жылдамдығы мен 10 «А» сынып “Witties” тобы I орын иеленді, 11 «А» сынып “Stars” тобы II орын иеленді және де 10 «Б» сынып “Wiseacres” тобы III орын иегері атанды.