"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"
31.10.2019
ЕНДІ МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ 2019 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП СҰРАТЫЛМАЙДЫ
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №726 қаулысына сәйкес, «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап алынып тасталады.
Яғни, түрлі ұйымдар: мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елшілік пен консулдықтар, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдар – Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын қандай да болмасын жағдайда талап етпеуі тиіс.
Мекенжай анықтамасын Мемлекеттік корпорация филиалы арқылы да, электрондық үкімет порталы (бұдан әрі – портал) арқылы да алуға болмайды.
Қажеттілігіне қарай, көрсетілетін қызметті алушылар өзінің тіркелген жерін ЭҮП-ғы жеке кабинетінде немесе eGOV mobile қосымшасы арқылы тексеруіне болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдарда өзінің ақпараттық жүйесі арқылы осы ақпаратқа қол жетімділігі бар.
Бұл жағдайда, азаматтың тіркелгені туралы ақпарат қажет болған жағдайда басқа ұйымдар, сонымен қатар жеке компаниялар оны ЭҮП-ғы үшінші тұлғалармен анықтамаларды алудың сервисі арқылы ала алады. Ол, жеке тұлға өзінің мекенжайы туралы ақпаратты бір реттік алуға келісімін SMS арқылы жолдаған жағдайда мүмкін болады.
Мобильді азаматтар базасында тіркелу, көрсетілетін қызметті алушының телефонында SMS алу үшін міндетті шарт болып табылатынын атап өту қажет.
Өз кезегінде, мобильді азаматтар базасына тіркелуді өз бетінше іске асыруға болады (ЭҮП «жеке кабинетте», «телефон» тарауында телефон нөмірін көрсету/ауыстыру және ЭЦҚ растау), немесе кез келген жақын жердегі фронт-офиске өтініш білдіру қажет.
Облыс әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің ұсынылуын талдау бөлімі