Сілеті ОМ « Адалдық сағаты» тәрбие сағаты
2019 жылдың 2 – қыркүйегінде Сілеті орта мектебінде ауыл әкімі Султанова Сауле Уалиханқызының жетекшілігімен 9-11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің жалпыреспубликалық бірыңғай « Адалдық сағаты» іс - шарасы өткізілді. Іс- шарада ауыл әкімі және мектеп директоры оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін адами қасиеттер туралы айтты. Адам бойындағы төрт негізгі құндылық: адалдық, парасаттылық, әділдік,сенім. Осы қасиеттерге жеке – жеке тоқталып, оқушылармен сұрақ – жауап түрінде талқылынып, ортаға ой салынды. Осы қасиеттер жеке адам бойынан табылған кезде ғана ұлтқа, мемлекетке адал қызмет ететін жастар, мемлекет қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін болады.