Сілеті ОМ-нің «Адал Ұрпақ» ерікті клубының
І жартжылдық бойынша атқарған жұмысы
2018-2019 оқу жылы
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай міндеттерді негізге ала отырып, «Адал ұрпақ – болашақ негізі» атты тақырыбында жиын өтті. Мектеп ұжымы мен 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткен жиын мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты немесе патриотты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатын көздеді. Жиын барысында ел тарихына шолу жасалып, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар жайында бейнеролик көрсетілді. Мектеп директоры Иманбалинова Д.Т. сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды. Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді.
Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы 5-11 сынып оқушылары арасынан 15 оқушыдан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. Клубқа 11 сынып оқушысы Кенжибаев Ерхан,10 сынып оқушылары Нұрмұханов Аян, Хазизов Дастан, Уалиева Айнаш, 9 сынып оқушысы Габдул-Газизов Дінмұхаммед, 8 сынып оқушылары Мырзаш Мөлдір, Талипов Диас,7 сынып оқушылары Малчыбай Айсұлу, Сапарбек Аружан, 6 сынып оқушылары Махфузқызы Фариза, Кабиева Арайлым, Маштеев Нұрсұлтан, 5 сынып оқушылары Теміршот Бекарыс, Хиватдолда Айбол, Ахметбекова Гүлім қабылданды. Топ жетекшісі болып құқық пәнінің мұғалімі Джунусова Раушан Бейсембаевна тағайындалды.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Джунусова Р.Б. оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтылыққа, дамуының құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды. Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады. Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес желтоқсан айының 10-ы жұлдызында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналысқа 5-11 сыныптан 18 ата-ана қатысты. Жиналыс барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі көрсетілді. Аталмыш тақырып бойынша ДТЖО Махшар Б. бейне-фильмдер мен «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» тақырыптарында ақпараттар беріп, «Адал Ұрпақ» топ жетекшісі Джунусова Раушан Бейсембаевна баяндама оқыды. Ата-аналар бір ауыздан жемқорлыққа қарсы екендерін білдіріп, өз балаларын адал етіп, өз елін, жерін сүйетін патриот болуларына тәрбиелейтіндіктері туралы айтты. Жиналыстың қорытындысы бойынша мектеп директоры сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды. Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді.
Мектеп оқушыларының арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет көрмесі өтілді. Көрменің мақсаты оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті – құқықтық сананы қалыптастыру болды. Көрмеге 5-8 сынып оқушыларының суреттері қойылды. Ең үздік деп 6 «А» сынып оқушысы Хажмуратов Данияр мен 5 «А» сынып оқушысы Жолдыбаева Адемаудың суреттері танылды. Жеңімпаздар мектепшілік мақтау қағазымен марапатталды.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Джунусова Раушан Бейсембаевнаның ұйымдастыруымен қаңтар айының 25-і күні «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен пікірталас өткізілді. Пікірталас барысында оқушыларға өз ойларын еркін жеткізу, айту ұсынылды. Оқушылар «Талапкер», «Заңгер» деп екі топқа бөлініп өз ойларын ортаға салды. Мұғалім екі топқа құқық туралы жалпы түсінік беріліп, Б.Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қанатты сөздерінен бастады. Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздер кіргізілген. Оқушыларға топ жетекшісі Джунусова Раушан Бейсембаевна «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» мағынасын толығырақ ашып берді.
Клуб жетекшісі Джунусова Раушан Бейсембаевна