"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Yштұғырлы тіл

15.02.2019

Тунгат Алмагүл

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі I санатты,

педагогикалық өтілі-26 жыл

КММ «Сілеті орта мектебі»

 

«Үштұғырлы тіл-кәсіби жетістіктің белгісі»

Эссе

           Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді танып қана қоймай, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлей білуі тиіс екендігін атап өтті. Қазақ елін бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы тиіс. Олар: қазақ тілі –мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық тіл, ағылшын тілі – жаһандану экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея.

          Тіл - халықтың жаны да, сәні де. Ана тілінің топырағында көктеп, ауасынан тыныс алмаған  өнер де, білім де өміршең емес. Ана тілі –ар өлшемі. Осы тұста Әбділдә Тәжібаевтың

«Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы,

Өссе тілім,мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін!» деген тамаша жыр жолдары есіме түседі. «Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қиял әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз, лаулаған жалын иесі»дейді Я.А.Коменский. Осы нақыл сөзде ұлы қасиеттерді бойына жинақтаған мұғалім ғана-нағыз ұстаз. «Ұстаз»-деген ұлы есімнің бір ұшқыны менің де жүрегімде бар. Мен тілдің нағыз жанашыры қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімімін. Мақсатым- ата-бабамыздың сан ғасырлық асыл мұраты-салт-дәстүрі, сенім-нанымы, тарихы мен мәдениеті келешек ұрпаққа ана тілі арқылы  жеткен бабалар аманатына  адал болу, қасиетті қазақ тілінің жалауын мәңгілікке желбірету.

Қазақ халқы табиғатынан дарынды, зерек, тілге жүйрік халық. Кеңес заманында орыс тіл-дүниенің кілті  болды. Бұл заман талабы еді.

Енді алдағы асу-ағылшын тілі. Адам көп тіл білген сайын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп, өрісі ұлғая түсетін болады. Тәңірге табынған Күлтегін ұрпағы на бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру қиындық тудыра қоймас. Иә, көп тіл білу-мақтаныш.

          «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылы қазан айында Қазақстан Халқы Ассамблеясында хII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылы «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу-әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Өйткені қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, «ақылды» экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштап дамуда. Ал бұл бағыттағы толағай табыстарға, білімге алып барар жол-ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйрену» болып табылады.

           Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсам, біз тәрбиелеп, оқытып отырған жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы мәңгілік еліміздің ертеңі. Сондықтан, «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»-деп Абай атамыз айтқандай, кірпіші болып қаланып, ата-баба ерлігі мен рухынан нәр алып, дәстүріне берік болып, Отанының өркендеп-өсуіне баркүш –жігерін аямайтын ұрпақ дайындау. Ол үшін кемел де терең біліммен қаруланып, ғылым мен техниканың сан қырлы тетігін меңгеріп, бүкіләлемдік құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелесем деп армандаймын. Бүгінгі партада отырған шәкірт-ертең азамат! Сондықтан қыран қазағымның қанаты қырқылмағанын, қайта көкке қарай еркін самғағанын, ұлттық рухы мықты, хақының қанында, ұрпағының жадында жүргенін естен шығармайық!

Ел ертеңі бүгіннен бастау алады,ендеше,болашақтың тізгінін ұстаған қазақ жастары Қазақстанның жарқын болашағы жолында еңбек етеді деп, сенімді түрде алға қадам жасаймын.

 

 

Просмотров: 421


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст