Ана-өмірдің гүлі!
2-4 сыныпқа арналған 8 наурыз мерекесінің сценарийі 2017 жыл
Жүргізуші: Айбол
Армысыздар, аяулы аналар!
Жүргізуші: Гүлім
Армысыздар, асыл әжелер!
Жүргізуші: Жанасыр
Армысыздар, апай, сіңлілер!
Жүргізуші: Арайлым
Армысыздар, құрбы- құрдастар!
Жүргізуші:Айбол
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана,
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сенде ғана – дегендей Ана деген –дүниенің алтын кілті, әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақын жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы.
Жүргізуші: Гүлім
Ана ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямай, түн ұйқысын төрт бөлген ардақты да, асыл адам. «Ана» - үш әріптен тұратын жалғыз ғана сөз. Дегенмен, осы үш әріптің астарында қаншама ой, қаншама толғаныс, қаншама асыл сөздер жатыр десеңізші...
Жүргізуші: Жанасыр
Ана – ешбір алтынмен де, күміспен де, тіпті әлемнің ешбір байлығымен алмастыруға келмейтін асыл да қасиетті ұғым.
Жүргізуші:Арайлым
Келіңіздер, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік,- дей отыра, аяулы аналар өздеріңізге арналған «Ана-өмірдің гүлі»
атты салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Хор «Асыл әжем»(сыйлықтар аналарға ұсынылады)
Жүргізуші: Айбол
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды
4«А» сыныбының аналарға арналған тақпақтары
1 Бала: Нұрсұлтан
Таң шапағы оятты,
Бізді бүгін ертерек,
Неге екенін білмедік,
Білесің бе достым сен?
2 Бала: Дидар
Сен мені түнім демей, күнім дейсің,
Шаршатсам, дірілдемей, күлімдейсің,
Балбырап мен ұйқыға кетпейінше,
Анашым, көзіңді сен бір ілмейсің.
3 Бала:Данияр
Тілейсің аман-есен өскенімді,
Сатылап биіктерге көшкенімді.
Адаспай өмір атты дәу кеменің,
Ескегін ер жігіт боп өскенімді.
4 Бала: Айзере
Мейірімнен жаралған,
Күн нұрынан нәр алған.
Шуақ болып таралған,
Кім бар жақын анамнан.
5 Бала:Айдар
Көзімді ашып өмірге
Алып келген – анашым.
Ақ періште көңілге
Жарық берген – анашым.
6 Бала:Фариза
Аялы ғой сипаған алақаның анашым,
Еркелейді бір саған балапаның анашым.
Бір өзіңе арнайын тілегімді анашым,
Сен әйтеуір қашанда аман болшы анашым.
7 Бала:Арман
Мамам менің ақ мамам,
Мен өнерлі жас балаң.
Өлеңге қосып атыңды
Асқақтата ән салам.
Жүргізуші: Айбол
Аяулы аналарымызға арналған «Аяулы анашым!» әнін тыңдаңыздар!
Маштеев Нұрсұлтанның орындауында «Асыл ана» әні.
Жүргізуші:Гүлім Келесі кезекті 2 «А»сыныбына береміз!
1 Бала Нұрайым
Аялаған, әлпештеген,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жолдап бүгін саған,
Мерекеңмен құттықтаймын!
2 Бала: Асылбек
Бауыр еті баласын,
Аймалаған аялап.
Ақ көкірек анашым,
Сенсің – мәңгі сая бақ.
3 Бала:Дариға
Ана арманы – асқақ ән,
Жүректерді тербеген.
Ана ақылын шашпаған,
Кеудемді жыр кернеген.
4Бала: Санжар
Сенен өскен балалар,
Бақыттылар даналар,
Құттықтаймыз сіздерді
Құрметті әже, аналар!
5 Бала: Әсел
Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам, берекең,
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең.
6 Бала: Асылан
Менсіз таңы атпайды,
Менсіз күні батпайды,
Мың айналып толғанбай,
Жаны тыным таппайды.
7 Бала:Гүльназ
Майдай сылап мақтайды,
Майда кінә тақпайды,
«Тентегім,- деп, - есі бар»,
Бетімнен бір қақпайды.
8 Бала:Абдырамазан
Менсіз тәтті татпайды,
Дәмін бұзбай сақтайды,
Отырғызып қасына,
Не берсе де, баптайды
9 Бала:Жансерік
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым.
Сегізінші Наурызбен!
10 Бала:Адема
Әлпештеген баласын,
Ана – бақыт, ана – гүл,
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
11Бала:Ералы
Бүгін Наурыздың 8-і,
Сұлулықтың негізі,
Әдемі сөз адамның
Аналарға айтар лебізі
12 Бала: Күнсұлу
Анамызға не сыйласақ, не сыйласақ екен деп,
Көп ойландық, көп толғандық,
Ақырында, таптық!
Сыйлаймыз сіздерге,
Жүректердің биін біз!
13 Бала:Ардабек
Әлемдегі акылды адам
Бәрінен сол жақын маған
Ол жанымда жүрсе мен де
Батырларша батылданам
14Бала:Дильназ
Жамандықтан сақтандырып,
Жаксы ісімді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып
15Бала:Ақжарқын
Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым,күнім дейтін
16 Бала:Роза
Жан-жағың толып бізбен бүтін бүгін
Болғанда күнің сәтті- ұтымды күн
Сонда әркез тәңіріңе тәубә десіп
Тіліңнен үзілмейді шүкірлігі
Ән «Анашым қартаймашы жалынамын!»
Жүргізуші:Арайлым
3 «А» сынып оқушыларының өнерін тамашалаңыздар
1 бала:
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.
2 бала:
Айымсың ғой жарық қылар түнімді,
Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.
Бір Алладан саулығыңды тілеумен
Атқызамын әрбір ғажап күнімді.
3 бала:
Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың!
Аллам сенен жамандықты қашырсын.
Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа
Жастарыңды жүзден дағы асырсын!
4 бала:
Тілегімнің бастауы да бір өзің,
Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.
Сен жанымда болған кезде әр сәтім
Жаздай жайлы қысым менен сұр күзім.
5 бала:
Бақытымсың, жаным анам, жан анам,
Мен өзiңдi періштеге балағам.
Ауырмашы,
қартаймашы ешқашан.
Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.
6 бала:
Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.
Аман жүрсең - маған сол гой керегі.
Бақытты бол, ауырма деп тілейді
Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!
7 бала:
Мәңгі жарық күн сыйлаған маған
Бір адам бар ол өзіңсің ана
Мейірімге бір өзіңнен қанам
Жылуды да жүрегіңнен алам
Ән «Апатайым анашым!»
Жүргізуші: Айбол
Аналардың ғұмыр жасын ұзақ қыл,
Қауіп-қатер, қасіретіне тұзақ құр,
Баласы үшін жыламасын бір ана,
Онсыз да ол сан азапқа шыдап жүр.
Ана-бала – көздің ақ пен қарасы,
Бір-бірінсіз таусылатын шарасы.
Әр ананы арманына жеткізер,
Әр баланың ақылы, ары, санасы...
Алдарыңызда «Вальс»қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:Гүлім
Мама – бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.
Жүргізуші:Жанасыр
Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.
Жүргізуші:Арайлым
Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ.
Ақжарқынның орындауында «Аналардың тілегі»әнін қарсы алыңыздар.
Көрініс...
жүргізуші: Арайлым
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.