"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«КӨРІКТІ КӨКТЕМ АРУЫ»!(қыз сыны)

06.03.2017

«КӨРІКТІ КӨКТЕМ АРУЫ»!(қыз сыны)

(мерекелік тәрбие сағаты)

Сынып 8 «А»

Кабинет  іші мерекеге сай безендірілген. Әсем музыка ойналып тұрады.

Тақырыбы: «Көрікті көктем аруы».

Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.

Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата – аналар, көрікті қыздар. Көктемнің алғашқы 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!

Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Деп жырлағандай бүгінгі 8 сынып  қыздары « Көрікті көктем аруы» қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көріп таң қалдырмай сахнада,

Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - деп ару қыздарымызды ортаға қошаметпен шақырайық.

Бахытжан Үміт

Жалкибаева Аружан

Хуныбах Еркежан

Ер балалар қыздарды ортаға алып кіреді. Қоржыннан реттік нөмірлерін суыру.

Жүргізуші: 

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік әділқазыларды таныстырып.

Жүргізуші әділқазы алқаларымен таныстырады.

Сайыс 5 - бөлімнен тұрады.

1. Таныстыру.

Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс - тұрысы сынға түседі.

2. «Өнерлі өрге жүзеді» Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(ән айту, би билеу, ертегіден үзінді т. б. өнерлерін көрсетуге болады.)

3. «Қол өнер» Ару қыздарымыз бен аналарына берілетін тапсырма «Шеберлік» деп аталады. Аналары мен қыздарымыздың өз қиялдарыңыздан туңан шеберлігін көреміз.

4. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісін көрсету.

5. «Сұрақ-жауап». Қыздарымызға сұрақтар беріледі, дұрыс, мүдірмей жауап беру.

1. Жыл мезгілдерін ата

2.Геометриялық пішіндерді ата

3. Қазақстанның тұңғыш президенті кім?

4. Рәміздерді ата

5.Балабақшамыздың және тобымыздың аты қалай аталады?

Жүргізуші: Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.

Өнер қуып арулар өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,

Өздерін таныстырып өтер дейміз.

1.    

Бахытжан Үміт

Көктем келді жайнаған

Құлпырды күнім айналам

Қызғалдақтай құлпырып

Алдарыңа шығып тұр

Нұрасыл атты гүл балаң.

Ертегі, жырын жаттаған

Ата-әжем үшін мақтанам

Бал бөбегін баптаған

Аман болсын ақ мамам!

Құтты болсын мереке

Құтты болсын наурыз той.

Болсын елде береке

Орындалсын асыл ой.

Боранбай Еркеназ

Алпысбаева Айзере

Қазақтың қызымын мен айзере атты

Биші болам шығаратын қазақ атын,

Тал шыбықтай бұралып билеймін мен

Қол соғып риза болсын дүйім жұртым

Жекейдің баймырзасы әкем Еркін

Нағашым Тілеу, Қабақ емес тегін

Жеңіп шық, жүлде алып «Ару» атан

Деп батасын берген еді екі атам.

Ақтаймын ақ батасын қос атамның

Ата-анам мен әжемнің ақ арманын

Сәттілік тілеймін мен достарыма

Қатысқан көктем аруы сайысына.

Жүргізуші: Ендігі кезекте « Өнерлі өрге жүзер» бөліміне ару қыздарымыз дайын болғанша ер балаларымызға кезек берейік.

Сербол Нұрәлі

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті ата - аналар!

Хазизов Дастан

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз.

Джумуков Нуржан

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Нурмуханов Аян

Әлпештеген әжем қымбат

Қамқор болған анам қымбат

Бірге ойнаған досым қымбат

Қөмектескен інім қымбат

Білім берген ұстаз қымбат.

2 – бөлім: Өнер

көрсету.

Жүргізуші: Жадырап сәуле бейне күн дидары.

Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,

Күй тартып, би де биле, өлең оқы

Аруға қай өнер де жарасады

Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша ер балаларымыздың Биін тамашалайық.

 

3 – бөлім. «Қол өнер»

Жүргізуші: Құйылған ақ сезіммен дара шыңдай

Жүрегі арулардың ақылға бай.

«Ана көрген тон пішер» деген бабам

Шеберлігі бұл қыздардың таң қалғандай.

Қыздарымыздың өз қиялдарымен жасаған жұмыстарын тамашалау.

Келесі ер балаларымызға кезек берейік.

 Нұрәли

Анам мені Айым – дейді

Мен мұңайсам уайым жейді

Анам мені «Күнім» - дейді

Мен қуансам күлімдейді.

Аян

Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді.

 Нұржан

Ана өмір мәңгілік

Жүзі нұрлы таң күліп.

Ана өмір әркімнің

Көкірегінде жанды үміт.

 

4 – бөлім: «Сән үлгісі»

 

Жүргізуші: Сұлулық табиғаттан басталады,

Көктеммен олар бірге шаттанады.

Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнаған.

Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз Нұрәли

Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан искеп менің

«Құлыншағым күнім» дейтін Дастан

Менің әжем жыр әжем

Шуағы мол нұр әжем

Ақ таяққа сүйеніп

Аман-есен жүр әжем Айнаш

Айналайын анашым

Аялайсың бағасың

Сен үшін балалармен

Ән шырқайық бәріміз

 

Ән: Ер балалардың орындауында.

Әли, Дастан

5-бөлім «Сұрақ-жауап». Қыздарымызға сұрақтар беріледі, дұрыс, мүдірмей жауап беру.

1. Жыл мезгілдерін ата

2. Геометриялық пішіндерді ата

3. Қазақстанның тұңғыш президенті кім?

4. Рәміздерді ата

5.Балабақшамыздың және тобымыздың аты қалай аталады?

 

 

Жүргізуші: Әділқазылар әділ бағасын бергенше "ча-ча-ча» биін тамашалайық.

 

Ән: Хор

Балалар аналарына гүл шоқтарын сыйлайды.

«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

Би билеп ән мен күйде аяқталды

Уақытта біраз жерге таяп қалды

Көктеммен қоса келген

Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды.

Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға ұсыну

 

 

 

Сынып жетекшісі: Болысбекова Ж.К.

Просмотров: 561


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст