"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі даярлық тобы "Аналар-асыл қазынам"

10.03.2017

1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.

2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген..

Жүргізуші:

- Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Аналар – асыл қазынам» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп, еркелеттің, аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!

Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытты балалар!

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Хор: «Тақпақтар»

Би: « Қуыршақ биі»

Ойын:

Ән: «Көңілді күн» орындайтын Дюсенова Дильназ, Талипова Дария, Мықтыбаева Дария

Тақпақтар: Асыл аналар мен әжелерге

Көрініс: «Мейірімді ана»

Жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен аналар мен қыздарының арасында сайыс ұйымдастырдық. Енді сіздерді аналар мен қыздарының арасында өтетін сайысымызды тамашалауға шықырамыз.

Жүргізуші: олай болса алдымен сайысқа қатысатын аналарымызды қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық.

Жүргізуші: Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік

 

Сайыс шарттары.

1. Таныстыру

2. Ас мәзірі

3. Өз өнерлерін көрсету                                                                                         

Жүргізуші:

Ақ көңілмен, ниетпен,

Әділ баға берсін деп,

Шаршамай, еш жалықпай,

Айтқаныңызға көндік деп,

Әділқазы алқасын,

Сайлап алсақ жөн болар. –

Әділқазылар:

1. Бурақан Ақгүл

2. Хонай Күлшаран

3. Джумукова Марбан Баукеновна

Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамы.

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.

Жүргізуші:

Енді сайысымызды бастайық.

Өнер қуып аналар өтер деймін

Бір басына өнерлері жетер деймін.

Бәсекеге түскен аналар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін, — деп кезекті таныстыруға берейік.

Жүргізуші: -Біз мәңгілік сіздерге, аналар борыштармыз дегім келеді. Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

Жан анам, құтықтаймын мереке күніңмен.

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы.

Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен - деп, «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар

Аналарға арналған:

1. Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Қызыңыз келіп әртүрлі сүрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, әлде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?

2. Қызыңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Қызыңызға бармағаныңызды қалай түсіндіресіз?

3. Сабақтан кейін қызыңыз ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келеді. Сіз не істейсіз?

Қыздарға арналған

1. Кұрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінәлі екеніңді біліп тұрсың, Не істейсің?

2. Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұғалім сенен неге

орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің?

3. Ата-аналар жиналысы болатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің

ата-анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің?

Анам менің аялап, әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Анашым алдыңызда қарыздармын

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы

Жүргізуші:

Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

Ешқайсысы жоқ сияқты

Бір-бірінен кем түсер, — дей отырып, аналарымыз бен қыздарымыз

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген — асыл жандар болаттай,

Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай                                                                       

Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.

Аяулы Ұстаз-ана, ісіңнің бәрі ұнамды.

Әр күн сайын атыңды қайталаймын.

Еске алғандай таң сайын ән ұранды.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші: 

Әділ қазы алқасы,

Әділден берсін бағасын.

Жеңіске жеткен қыздардың

Өркендей берсін талабы,- деп отырып әділ қазылар алқасына сөз берейік.                                                                                                          

 

Номинациялар:

1. Биязы ана

2. Мейірімді ана

3. Парасатты ана

Жүргізуші: Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.                                                      

Ана деген адамға Атамекен.

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен

Аналарға және қыздарымызға сыйлық табыстау

Жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз                                                                                

 

Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,

Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.

Аман-сау болайықшы көріскенше

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

 

Просмотров: 514


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст