"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Діни экстремизм мен терроризм

07.04.2017

Діни экстремизм мен терроризм

Соңғы жылдары Қазақстанға келетін миссионерлер мен тіркеуге алынған дәстүрлі емес ұйымдар мен секталар саны арта түскені белгілі, олардан келетін қауіп зор. Ал қазіргі таңда сол басқа діни секталардың шырмауында арбалған жастар көп. Мұны жастардың діни сауатының төмендігі, фундаментальді білімнің жоқтығынан, ой-өрісінің тарлығынан деуге болады. Балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни эктремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдыларды қалыптастыру тәрбиенің міндеттері болып табылады.

Діни экстремизм - осы заманға тән әлеуметтік қатерге айналды. Осыған байланысты өскелең ұрпақты қоғамда белең алған қауіп-қатерлерден құлағдар етіп отыру маңызды. Мектепте терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және діни теріс ағымдардың таралуын болдырмау бағытында бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Мектепте әлеуметтік психологиялық қызмет  жұмыс істейді. Онда қазақ және орыс сыныптарымен жұмыс жүргізетін екі психолог мамандар жұмыс істейді. 1 қабатта оқушыларға арналған әлеуметтік, психологиялық қызметтің және тәрбие орынбасарының сенім телефондары және анонимді хабарлар үшін, өтініштермен - шағымдарға арналған жәшік орнатылған.

Дәстүрлі емес діни бірлестіктерден келетін қауіп-қатерден оқушыларды сақтандыру мақсатында 2016-2017 оқу жылына «Діни экстремизм және терроризм» бағыты бойынша жоспар жасалынып, дөңгелек үстел, дебаттар өткізіліп, бейнематериалдар көрсетілді. Нәтижесінде діни экстремизм мен терроризмге қатысты  және құқықтық шаралар бойынша бұзушылық анықталған жоқ. Оқушылармен аталмыш іс-әрекеттерден алдын алу мақсатында мектебіміздің психолог мамандарымен әңгімелер жүргізіліп, үнемі бақылауда болып отырады.

Мектепте Діни экстремизмді ескерту, қауіпсіздік және алдын алу, ғаламтор желісіне кіру кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Ата-ана бақылауы» атты сайттарға бөгет қою қызмету туралы ата-аналарға ескертілді. Білім күнінен бастап оқушылардың бірыңғай үлгідегі мектеп формасын киюі ұдайы бақыланып отырады. Өткізілген шаралардың ең тиімдісі-оқушылармен тікелей кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізу болғандықтан мектепте діни ағымдардың өскелең ұрпаққа кері әсері туралы ақпарат беріп, одан аулақ болудың жолдарын түсіндіру мақсатында мешітіміздің имамы, учаскелік полиция инспекторы арасында кездесу өткізіліп тұрады.

 

Просмотров: 382


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст