15.12.2025
Кітап көрмесі – ұлттық рухтың айнасы
«Адал азамат» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде “Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге еліміздің Тәуелсіздік тарихы, мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдері, ел дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы құнды кітаптар қойылды. Оқушылар көрме материалдарымен танысып, ұлттық құндылықтар мен тарихи сананың маңызын тереңірек ұғынды.
Көрменің мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді, азаматтық жауапкершілікті және ел тарихына деген құрметті қалыптастыру.
Тәуелсіздік – мәңгілік елдің басты байлығы!
Кітапханашы Умержанова А.Т.
suleymenova_zhuldyz
@bilim_bolimi_ereimentau
@aqmoedu
@ereymentau_audan_akimdigі
@aqmola.oblysy.birtutas_tarbie