Текст
15.12.2025
Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым
Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар еліміздің Тәуелсіздікке жету жолы, ел тарихындағы маңызды оқиғалар, ұлттық құндылықтар мен патриоттық рух туралы мағлұмат алды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, өлеңдер оқып, тақырыпқа сай пікір алмасты.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, елге деген құрмет пен тәуелсіздіктің қадір-қасиетін сіңіру.
Тәуелсіздігіміз мәңгі, егемен еліміз аман болсын!
suleymenova_zhuldyz
@bilim_bolimi_ereimentau
@aqmoedu
@ereymentau_audan_akimdigі
@aqmola.oblysy.birtutas_tarbie