"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

География, Биология және Химия пәндерінің онкүндігі басталды!

01.12.2025

Құрметті оқырмандар! Біздің мектебімізде География, Биология және Химия пәндерінің онкүндігі салтанатты түрде басталды!
Ашылу салтанатында мектеп директоры сөз сөйлеп, оқушыларды ғылымның қызықты әлеміне саяхат жасауға шақырып, апталықтың сәтті өтуімен құттықтады.

Онкүндіктің алғашқы күні “Ғылым Бәйгесі” интеллектуалды викторинасымен жалғасты. Оқушылар табиғат, елдер және география әлемі бойынша терең білімдерін, тапқырлықтарын көрсетіп, нағыз қызықты бәсекеге түсті!

Ғылымға деген құштарлығымен және жан-жақты білімімен ерекшеленген жеңімпаздарымызды мақтанышпен жариялаймыз:
🥇 I орын: Хажмұрат Мөлдір, 9А сыныбы
🥈 II орын: Суликова Жадыра, 8А сыныбы
🥉 III орын: Еснаева Нұрайым, 11А сыныбы

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Осылай білім шыңдарын бағындыра беріңіздер!

Ал енді алдағы күндері бізді қызықты тәжірибелер, танымдық сабақтар мен жаңалықтар күтіп тұр!

@gani.beisembayev
@bilim_bolimi_ereimentau
@aqmoedu
@ereymentau_audan_akimdigі
@aqmola.oblysy.birtutas_tarbie

Просмотров: 15

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст