"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл мен технология тоғысы» онкүндігі

19.11.2025

📚 «Тіл мен технология тоғысы» онкүндігі💻✨

Мектебіміздің 10 «А» сыныбында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында «Тіл мен технология тоғысы» тақырыбында танымды да мазмұнды іс-шара өтті. Онкүндік шеңберінде «ЖИ – пайдалы ма, әлде қауіпті ме?» 🤖 атты қызықты дебат ұйымдастырылып, оқушылар жасанды интеллекттің артықшылықтары мен мүмкін болатын қауіптері туралы жан-жақты талқылады.

Шараның мақсаты – оқушыларға ЖИ-ді оқу үдерісінде, соның ішінде Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында орынды, тиімді және дұрыс қолдануды үйрету, оның пайдалы тұстарын ажырату, қауіпсіз әрі әлеуетті зияндарын түсіндіру 📚✨.

Дебат барысында оқушылар ғаламдану дәуірінде тіл мен технологияның өзара тығыз байланысын, ЖИ-дің уақытымен және жауапкершілікпен қолданылғанда білім сапасын арттыруға көмектесетінін, ал бақылаусыз пайдалану кері әсерін тигізуі мүмкін екенін нақты мысалдар арқылы көрсетті 💡.

Іс-шара оқушылардың сыни ойлауын дамытып, жауапкершілікпен технология қолдану мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты 🌐👏.

Пән мұғалімі: Тойлыбай А.

#ТілМентехнологияТоғысы
#ҚазақТіліАпталығы
#АнаТілімАрдағым
#БілімМектебі

@gani.beisembayev
@bilim_bolimi_ereimentau
@aqmoedu
@ereymentau_audan_akimdigі
@aqmola.oblysy.birtutas.tarbie

Просмотров: 28


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст