19.11.2025
Мектебімізде оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында 1-4 сынып оқушыларына жеке қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
Сабақтар барысында төмендегі маңызды тақырыптар қамтылды:
🔹Су айдындарында қауіпсіздік ережелері – жағалауда, жүзу кезінде, қайықта өзін ұстау тәртібі түсіндірілді.
🔹Төтенше жағдай кезіндегі мінез-құлық – өрт, дауыл, су тасқыны сияқты жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары айтылды.
🔹Тауда және табиғатта қауіпсіздік – жорыққа шыққанда қажетті жабдықтар, ауа райын бақылау, белгіленген жолдан шықпау ережелері көрсетілді.
🔹 Қар көшкіні кезіндегі әрекеттер – қауіп белгілері, өзін және жолдастарын қорғау тәсілдері түсіндірілді.
🔹 Жер сілкінісі кезіндегі дұрыс әрекет – «үйде», «мектепте» және «далада» болған жағдайда қолданылатын қауіпсіздік шаралары талқыланды.
🔹 «Мазасыз чемодан» дайындау – төтенше жағдайда қажет болатын заттардың тізімімен таныстырылды.
🔹 Мектептегі қауіпсіздік ережелері – эвакуация, дәлізде жүру тәртібі, бөтен заттарды ұстамау ережелері айтылды.
🔹 «Сақтық – селфиден маңызды» – әлеуметтік желідегі қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау жолдары түсіндірілді.
🔹 Халықаралық көмек сұрау белгілері – ысқырық, қол сигналдары, SOS белгілерінің мағынасы үйретілді.
🔹 Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік – күн астында жүру, суға түсу, ойын және жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері көрсетілді.
🔹 Қауіпсіз ойын – аулада, мектеп аумағында және көшеде ойнағанда сақтық шаралары түсіндірілді.
Бұл сабақтар оқушылардың жауапкершілігін арттырып, қауіпті жағдайларда өз-өзін қорғау дағдыларын нығайтуға бағытталды.
Мектебімізде жеке қауіпсіздік – әр оқушы үшін басты құндылық!
@gani.beisembayev
@bilim_bolimi_ereimentau
@aqmoedu
@ereymentau_audan_akimdigі
@aqmola.oblysy.birtutas.tarbie