Текст

Қош келдіңіз!
Сізді біздің сайтта көруге өте қуаныштымыз. Мұнда сіз көптеген пайдалы және қызықты ақпараттармен таныс болып, біздің оқытушылар мен оқушыларымыздың өмірі мен жұмыстары, жетістіктері мен атқарып жатқан іс-шараларын көре аласыздар.
23.02.2026
Құрметті Ерейментау ауданының тұрғындары!
"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ Сіздердің назарларыңызға 2026 жылдың 1-30 наурыз аралығында ресми интернет ресурста Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2025...
06.02.2026
АДАЛ АЗАМАТ біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде 2026 жылдың 4 ақпан күні мектебімізде 7-11 сынып оқушыларына профилактикалық бағыттағы деректі фильм көрсетілді . Мақсаты оқушыларға қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алу жолдарын түсіндіру, құқықбұзушылықтың. зорлық - зомбылықтың, зиянды әдеттердің салдары туралы жан-жақты ақпарат беру.
06.02.2026
Мектеп ұжымына жаңа Конституциялық реформа жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
02.02.2026
Жасөспірімдер ортасында нашақорлыққа қарсы күрес тақырыбында плакаттар мен буклеттер байқауы жарияланды! Мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу, жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамыту.
02.02.2026
Құқықтық тәртіп айлығы аясында "Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" атты іс - шара өткізілді. Іс - шара барысында оқушылар асық ойнап, ептілік пен мергендіктерін көрсетті.
02.02.2026
ЖИ+Тарих Тарих пәнінің онкүндігі аясында 5 -сынып оқушылары арасында интеллектуалды ойын өткізілді. Іс-шараның мақсаты - оқушылардың тарихи білімдерін тереңдету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
29.01.2026
Кітапханада - буккросинг және мобильдік кітапхана бұрышы бар. Кітапханада оқырмандарға арналған буккросинг бұрышы ұйымдастырылып, кітап алмасу мәдениеті қалыптасуда. Ал мобильдік кітапхана бұрышы арқылы оқушылар кез келген уақытта қызықты әрі пайдалы кітаптарды оқи алады.
29.01.2026
Мектеп кітапханасында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлына арналған арнайы бұрыш ұйымдастырылған.Бұл бұрышта Абайдың шығармалары, қара сөздері мен өмір жолына қатысты құнды деректер топтастырылған. Абай мұрасы - ұрпаққа өнеге, рухани қазына.
28.01.2026
Мектебімізде - балалар кітапханасы бар. Кітапхана білім мен қиялдың алтын ордасы.Мектебіміздегі балалар кітапханасы оқушыларды кітап оқуға баулып, ой-өрісін кеңейтуге үлкен үлес қосуда.
27.01.2026
Мектебімізде "Құқықтық мәдениет және оның маңызы" тақырыбында сынып сағаттары өтті! Құқықтық мәдениет - әрбір азаматтың қоғамдағы жауапкершілігін сезінуі, заңды құрметтеуі және өз құқығын дұрыс пайдалана білуі.Оқушылар заңның маңызын түсініп, өз құқықтары мен міндеттері жайлы мағлұмат алды.